Мысырдың бас прокуроры қастандық жасалғаннан кейін қайтыс болды

30 Маусым 2015, 08:47
0

Мысырдың бас прокуроры Хашам Баракат алған жарақатынан қаза болды, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап. Еске сала кетейік, прокурордың көлігінің астына белгісіз біреулер жарылғыш зат қойған болатын.

Осыған дейін Мысырдың денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Хусам Әбдел бас прокурордың жеңіл жарақат алғанын хабарлаған болатын.

Бас прокурорға қастандық 29 маусымда Мысырда жасалды. Оның көлігінің астына қойылған жарылғыш зат жолда іске қосылған. Бас прокурор жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Баракаттың күзет қызметінде істейтін екі адам да зардап шекті.

Лаңкестікті "Гизаның халық қарсылығы" ұйымы өз мойындарына алды. Олар өлім жазасына кесілген "Мұсылман бауырлар" мүшелерінен кек алмақ болған.

Баракат 2011 жылғы көтерілістен кейінгі үшінші бас прокурор болған. Ол бұл қызметке 2013 жылдың 10 шілдесінен бастап кірісті. Баракат өте ірі қылмыстық істермен айналысты.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай