29 маусым 2015 15:46

Мысырдағы жарылыс: Елдің бас прокурорына қастандық жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Мысырда болған жарнылыстан елдің бас прокуроры Хишам Баракат жарақат алды, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап. Оның көлігінің астына жарылғыш затты белгісіздер қойған. Прокурордың ауруханаға кетіп бара жатқаны хабарланды.

AFP мәліметінше, жарылыс Мысырдың Каир қаласында болды. Сонымен қатар, бас прокурормен бірге оның оққағарларының зардап шеккені белгілі болды. Баракатқа медициналық жәрдемнің көрсетілгені айтылады және оның жағдайының жақсы екені хабарланды.

Осыған ұқсас жағдай 2015 жылдың 10 маусымында Карнак ғибадатханасының маңындағы Луксорда болған еді. Сол уақытта BBC News басылымы жарылысты лаңкестің жасағанын хабарлады. Оның салдарынан төрт адам жарақат алды. БАҚ мәліметінше, лаңкестік топта үш адам болыпты. Олардың екеуін тәртіп сақшылары атып өлтірді, ал үшіншісі жасырынып үлгерді. Шабуылдаушылардың мақсаты ғибадатхананың маңында тұрған туристер автобусы болған, алайда оларға күзетшілер кедергі келтірді. Бұл оқиғадан кейін елдің Көне жәдігерлерлі жөніндегі министрлігі елдегі жәдігерлердің күзет қызметін күшейтуді тапсырған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети