Нәрестеге үңіліп қарап тұрған елес анасының зәресін алды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Франческа Райли бір жарым жасар қызымен Франческа Райли бір жарым жасар қызымен

24 жастағы Франческа Райли құрбысымен селфиге түспекші болған кезде бала арбасының жанында тұрған жартылай күңгірт елесті байқаған, - деп хабарлайды Vistanews.ru.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

24 жастағы Франческа Райли құрбысымен селфиге түспекші болған кезде бала арбасының жанында тұрған жартылай күңгірт елесті байқаған, - деп хабарлайды Vistanews.ru.

Франческа Райли біржарым жасар қызы Фибимен құрбысының үйіне қонаққа барған. Бірнеше уақыт өткен соң Әйел адам нәрестені бала арбасына жатқызып, ұйықтатқан. Сол сәтті пайдаланғысы келген Франческа құрбысымен селфиге түспекші болған кезде, телефонның алдыңғы камерасы есіктің жанында тұрған бала арбасында түсірген. 

Әйел адам дұрыстап қараған сәтте түсініксіз бір дененің нәрестеге қарай үңіліп тұрғанын көрген. Ол суретке түсіріп, арбаға қарай жақындағанда шошып кеткен. Елес "Қоңырау (Звонок)" фильміндегі қызға қатты ұқсас болған. Сондай-ақ ақшыл түсті көйлегі мен жалбыраған шашы анық байқалған.  

"Мен елеске қатысты барлық нәрседен қатты қорқамын, паранормалды құбылыстарға сенемін. Бірақ оның елес екеніне соңына дейін сенгім келмеді. Басында мен оны көлеңке деп ойладым", - деді Франческа Райли. 

Осы жағдайдан кейін баласының денсаулығы үшін алаңдаумен келеді екен. Ол паранормалды құбылыстармен айналысатын мамандардың көмегіне жүгінген. Тексеру барысында құрбысы тұратын үйдің орнында бұрында диірмен болған, сол жерде қыз бала қайтыс болған және сол өзі туралы еске түсіргісі келеді деген болжам жасады. Сонымен қатар, сол маңайдағы тағы бірнеше пәтерде қыздың елесі көрінген. Оқиға Ұлыбританияда болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 504.72  course up  546.79  course up  5.9  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer