24 қараша 2021 15:43

NASA астероидке соғылатын зондты ұшырғанын мәлімдеді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: NASA Фото: NASA

NASA 2022 жылдың екінші жартысында қос астероидпен соқтығысуы керек зондты ұшырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.


NASA 2022 жылдың екінші жартысында қос астероидпен соқтығысуы керек зондты ұшырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

DART зонды Калифорниядағы Ванденберг ғарыш күштерінің базасынан SpaceX Falcon9 зымыранымен Тынық мұхиты уақытымен сағат 22.21-де ұшырылған. Құны 330 миллион АҚШ доллары болатын жоба бұл саладағы алғашқысы.

Басылымның мәліметінше, миссияның мақсаты – ғалымдар Диморфос деп атаған астероидтың траекториясын сәл өзгерту. Оның ені шамамен 160 метр. Сарапшылардың айтуынша, астероид Жерге соқтығысуы мүмкін. NASA бұл астероидтың траекториясын өзгертіп, нәтижесінде ол Жерге зақым келтірмейтініне сенімді.

Диморфоспен DART-тың соқтығысуы 2022 жылдың 26 ​​қыркүйегіне жоспарланған. Диморфос пен Дидимос астероидтарының екілік жүйесі Жерден 11 миллион шақырым қашықта, ғалымдар пікірінше, бұл екі астероид біздің планетамызға жақындай алатын ең жақын арақашықтық.

Бұған дейін 2004 UE астероиды қарашаның ортасында Жерге жақындайтыны хабарланған болатын. Бұл туралы NASA бөлімшелерінің бірінің сайтында көрсетілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети