05 тамыз 2015 09:14

Назарбаев Қырғызстанның ЕАЭО-ға қосылуын ратификациялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) қосылуы туралы келісімшарттың ратификациясына қол қойды, - деп хабарлайды Sputnik.kg Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) қосылуы туралы келісімшарттың ратификациясына қол қойды, - деп хабарлайды Sputnik.kg Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, Қазақстан Қырғызстанның ЕАЭО құрамына кіруі туралы келісімшартты ратификациялаған соңғы мемлекет. Бұған дейін бұл құжатты Армения, Беларусь және Ресей ратификациялады.

Қырғызстан экономика министрі Олег Панкратовтың айтуынша, ЕАЭО-ның комиссиясы Қазақстаннан Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруін ратификациялайтын барлық құжаттарды алғаннан кейін ғана шекараның ашылады. Оның айтуынша, құжаттар Астанадан Мәскеуге елшілік поштасы арқылы жіберіледі. "Меніңше, Еуразиялық комиссия оны екі-үш күнде алады", - деді министр.

Еске сала кетейік, биыл 8 мамырда Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одақ құрамына кірді. Сәйкес құжатқа одаққа мүше елдердің басшылары қол қойды.

Айта кетейік, Қазақстан, Ресей және Беларусь 2014 жылы Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшартқа қол қойған болатын. Құжат 2015 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. 10 қазанда ЕАЭО-ға Армения қосылған еді.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети