02 қаңтар 2019 18:20

Назарбаев Путинге Магнитогорскідегі төтенше жағдайға қатысты көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Магнитогорск қаласында тұрғын үйдегі жарылыстың салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақ екенімді жеткізуіңізді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", - делінген жеделхатта.

Еске салайық, осыған дейін 31 желтоқсанда таңғы уақытта Магнитогорскіде Карл Маркс даңғылының бойындағы 164-ші он қабатты үйде алдын ала мәлімет бойынша газ жарылып, салдарынан бір кіреберіс опырылған. Апат болған аймақта 120 адам тұрып жатқан. ТЖМ соңғы мәліметінше, оқиға салдарынан 19 адам қаза тапқан, оның ішінде екі бала бар. Тағы 22 адам іздестіріліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети