16 ақпан 2014 21:09

Непал аспанында жоғалған ұшақ апатқа ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фотоиллюстрация airliners.net сайтынан алынды Фотоиллюстрация airliners.net сайтынан алынды

Непал аспанында жоғалып кеткен ұшақ, әуе апатына ұшырады. Соңғы мәліметтерге қарағанда ұшақтың ішінде 18 адам болған, деп хабарлады БАҚ. Болжам бойынша бордтағы жолаушылардың бірі Дания азаматы және ұшақ ішінде жас бала да болған. Ақпарат агенттігінің айтуынша, ел астанасы Катмандудан Джамла қаласына бағыт алған Nepal Airlines компаниясының De Havilland Canada Twin Otter ұшағы Покхара әуежайына жоспарсыз тоқтап, жанармай құйып алып көтерілгеннен кейін 15 минуттан соң әуе кемесімен байланыс үзліген. "Синьхуаның" жазуына қарағанда, апат болған сәтті шалғайдағы ауыл тұрғындары көріп, хабар жеткізген. Ұшақтың бөліктері орталық Непалдың Аргахаши ауданындағы Хидим аймағынан табылған. Әуе кемесін іздестіру жұмыстары ауа райының қолайсыздығына байланысты қиындап кеткен. Апат орын алған аймақта қар жауып, қалың тұман басып тұр. Ол жаққа құтқарушы тікұшақта баруға тырысқан. Бірақ, ауа райы құбылысына байланысты экипаж кейін қайтқан. "Вести" агенттігі ұшақтың апатқа ұшырауының басты себептерінің бірі күн райының қолайсыздығы дейді. Жалпы Непалда әуе апаты жиі болады. Өткен жылдың мамыр айында дәл осы маркалы ұшақ елдің солтүстігіндегі таулы аймаққа қону кезінде апатқа ұшыраған. Ол кезде 21 адам зардап шеккен. 2012 жылдың қыркүйек айында Непалдан Эверестке ұшып бара жатқан Sita Air компаниясының Dornier Do-228-20 жолаушылар ұшағы құлап борттағы 19 адам түгелдей қаза тапты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети