Forbes журналының нұсқасы бойынша 2016 жылдың ең қымбат спорт бренді болып Nike компаниясы алға шықты. Басылым бренд бағасын 27 миллиард долларға бағалаған, - деп жазады Rambler News service.
Forbes журналының нұсқасы бойынша 2016 жылдың ең қымбат спорт бренді болып Nike компаниясы алға шықты. Басылым бренд бағасын 27 миллиард долларға бағалаған, - деп жазады Rambler News service.
Екінші орында ESPN спорт арнасы, оның құны 16,5 миллиард долларды (бір жыл ішінде 2,9 пайызға төмендеген) құраған.
Nike бәсекелесі, немістердің Adidas бренді үшінші орынды иеленген. Оның құны 7 миллиард долларды құрап - бір жыл ішінде 12,9 пайызға өскен. Sky Sports телеарнасы (5 миллиард доллар) бесінші орынға табан тіреген.
Аралас жекпе-жекті ұйымдастырушы америкалық UFC компаниясы алтыншы орында. Брендтің құны - 2 миллиард доллар. Бір жыл ішінде бренд 335 пайызға өскен. Шілде айында UFC компаниясы WME-IMG медиалық агенттікке тиесілі компаниялар тобына 4 миллиард долларға сатылған.
Adidas компаниясына тиесілі Reebok бренді 800 миллион долларға бағаланып, тоғызыншы орынға жайғасқан.