Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

"Норманд төрттігі" жетекшілері Минскіде қабылдаған декларация мәтіні

12 Ақпан 2015, 16:55
0
©Украина президенті әкімшілігі
©Украина президенті әкімшілігі

"Норманд төрттігі" жетекшілерінің 12 ақпан күні Минскіде қабылдаған декларациясының мәтіні жарияланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Кремльдің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Ресей Федерациясы, Украина, Француз Республикасы президенттерінің және Германия Федеративтік Республикасы канцлерінің Минск келісімдерін орындау жөніндегі кешенді шараларды қолдауға арналған декларациясы мәтінінің толық нұсқасы төмендегідей:

"Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин, Украина президенті Петр Порошенко, Француз Республикасы президенті Франсуа Олланд пен Германия Федеративтік Республикасының канцлері Ангела Меркель Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығына деген толық құрметті қуаттайды. Олар бейбіт жолмен реттеудің баламасыздығына нық сенімді. Олар бұл мақсатта жекелей де, бірлесіп те кез келген мүмкін шараны қолға алуға тұтас дайын. 

Бұл мәнмәтінде 2014 жылдың 5 қыркүйегінде Минск хаттамасына және 2014 жылдың 19 қыркүйегінде Минск меморандумына қол қойған жетекшілер 2015 жылдың 12 ақпанында қабылданып, қол қойылған Минск келісімдерін орындау жөніндегі кешенді шараларды қуаттайды. Жетекшілер бұл процеске үлес қосатын және кешенді шараларды орындауға септігін тигізу үшін тиісті тараптарға өз ықпалын қолданатын болады. 

Германия мен Франция жанжал шарпыған аудандарда банк жүйесі сегментін әлеуметтік төлемдерді іске асыруға жәрдем етуге бағытталған халықаралық тетіктерді жасау жолымен қалпына келтіруге техникалық қолдау көрсетеді. 

Көшбасшылар Еуропа одағы, Украина және Ресей арасында ынтымақтастықты нығайту аталған дағдарысты реттеуге ықпал етеді деген тұжырымға ортақ. Бұл мақсатта олар "қысқы газ пакетін" дамытуға арналған қадамдарды іске асыру үшін Еуропа одағы, Украина және Ресей арасындағы энергетика мәселелері жөніндегі үшжақты келіссөздерді жалғастыруды қолдайды. 

Олар сондай-ақ Украина мен Еуропа одағы арасындағы терең әрі жан-жақты еркін сауда аймағы туралы Келісімді орындаумен байланысты Ресейдің алаңдаушылығын туғызған мәселелердің практикалық шешімін жасау мақсатындағы Еуропа одағы, Украина, Ресей арасындағы үшжақты келіссөздерді қолдайды. 

Көшбасшылар халықаралық құқық пен ЕҚЫҰ қағидаттарына деген толық құрмет негізінде Атлантикадан Тынық мұхитына дейін жалпы гуманитарлық және экономикалық кеңістік құру идеясын бұрынғысынша қолдайды. 

Көшбасшылар Минск келісімдерін орындауды бұдан ары қарай да қолдайтын болады. Бұл мақсатта олар "норманд форматында" бақылау механизмін құру туралы уағдаласты, ол сыртқы істер министрлігінің жоғарғы лауазымды тұлғалары деңгейінде тұрақты кездесулерді өткізетін болады".

Еске сала кетейік, 12 ақпан күні Беларусь астанасында "норманд төрттігі" жетекшілерінің 17 сағатқа созылған келіссөздері өткен еді. Кездесу барысында қабылданған басты шешім Украинада 15 ақпаннан бастап атысты тоқтату болды.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай