28 шілде 2016 14:36

Обама: Трамп Путинге жағымпазданып жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© geo-politica.info © geo-politica.info

Филадельфияда АҚШ-тың Демократиялық партиясының съезінде Барак Обама президенттіктен үміткер Дональд Трампты сынның астына алды. Оның айтуынша, Трамп Вашингтонның одақтастарын ойламай, Ресей көшбасшысына жағымпазданып жүр.


Филадельфияда АҚШ-тың Демократиялық партиясының съезінде Барак Обама президенттіктен үміткер Дональд Трампты сынның астына алды. Оның айтуынша, Трамп Вашингтонның одақтастарын ойламай, Ресей көшбасшысына жағымпазданып жүр.

"Ол Балтикадан бастап Бирмаға дейінгі миллиондаған ерлер мен әйелдер және балалардың зарын естімейді. Ал олар Американы адам құқығы мен ар-намыстың сақталуы, бостандықтың символы деп үміттенеді. Ол Путинге жағымпазданады, Саддам Хусейнді биік қояды және НАТО одақтастарына қорғаныс үшін ақша төлеуі тиіс дейді", - деді Обама. Бұл туралы РИА Новости жазды.

Оның айтуынша, "АҚШ-тың уәдесі бойынша ешкімге баға көрсеткішін ұсынбайды, себебі мемлекет өз міндетін орындайды. Осының өзі сегіз жыл бұрынғыға қарағанда, Жер бетіндегі мемлекеттердің алдында Американың күшті әрі беделді екендігін көрсетеді", - дейді Обама.

Еске салайық, АҚШ-тағы президент сайлауының алдындағы соңғы кезеңінде батыстың БАҚ өкілдері Трамп пен Путин жайлы жи жаза бастаған. Сондай-ақ, америкалық демократтар Ресейді республикашылдардың пайдасы үшін партияның поштасын бұзды деп айыптаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети