27 шілде 2016 10:32

АҚШ-тың барлау қызметі: Демократтардың серверін Ресей бұзды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© regnum © regnum

АҚШ-тың барлау қызметі Демократиялық партияның Ұлттық комитеті серверін РФ үкіметі бұзды деп айыптады, - деп хабарлайды РИА Новости АҚШ-тың БАҚ-тарына сілтеме жасап.


АҚШ-тың барлау қызметі Демократиялық партияның Ұлттық комитеті серверін РФ үкіметі бұзды деп айыптады, - деп хабарлайды РИА Новости АҚШ-тың БАҚ-тарына сілтеме жасап.

АҚШ-та барлау ведомствосы Ақ үйге аса сеніммен Демократиялық партияның Ұлттық комитетінің серверінен электрондық хаттарды және құжаттардың ұрлануына Ресей үкіметінің қатысы бар екенін мәлімдеген", - деп жазады New York Times федаралдық құрылымдардағы мәліметі бар өкілдеріне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, газет "барлау агенттіктері Ресейдің нақты АҚШ-тың өзі секілді бүкіл әлем бойынша жүзеге асырып отыратын компьютерлік жүйелерді тыңшылық мақсатта бұзды ма, әлде президенттік сайлау науқаны алдындағы айла-шарғы әрекеттері ме деген сұраққа сенімді жауап бере алмай отырғанын" ескертті.

Электрондық хаттар мен құжаттарды Wikileaks ұйымы жариялаған. Алайда, газеттің мәліметі бойынша, бұл деректерді өзін Guccifer 2.0 деп таныстырған адам мен бірнеше БАҚ бұрын жариялапты. Тергеушілер өзін Guccifer 2.0 деп таныстырған адамды енді Ресейдің Басты барлау басқармасының агенті деп санайды.

Басылымның өкілдерінің айтуынша, қазір АҚШ президенті Барак Обама мен оның командасы "күрделі дипломатиялық және саяси шешімге тап болған: Ресей федерациясы Президенті Владимир Путинге шабуыл дайындау әрекетін жасады деп жария түрде айыптауға бола ма деген сұраққа бас қатыруда екен. Обаманың айтуынша, мұндай қадам "АҚШ-тың әкімшілігі Путинмен Сирия және басқа да мәселелер бойынша бітімге келу туралы келісімге келуге тырысып жатқан уақытта Вашингтон мен Мәскеу арасындағы онсыз да суық қарым-қатынастардың одан әрі нашарлауына әкелуі мүмкін".

Осыған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Демократиялық партияның Ұлттық комитеті серверін РФ үкіметі бұзды деп күдіктенудің өзі жосықсыз күдік екенін мәлімдеген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети