18 қараша 2016 15:54

Обырдан қайтыс болған 14 жастағы қыз денесін мұздатып сақтауын сұраған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбританияда 14 жастағы қыз өліміне дейін өз еркімен денесін мұздатқан. Қайтыс болған қыздың әкесі бұған қарсы болса да, қыз ата-анасымен өткен сот отырысында жеңіске жетіп, қалағанын орындатты, - деп жазады Рен Тв.


Ұлыбританияда 14 жастағы қыз өліміне дейін өз еркімен денесін мұздатқан. Қайтыс болған қыздың әкесі бұған қарсы болса да, қыз ата-анасымен өткен сот отырысында жеңіске жетіп, қалағанын орындатты, - деп жазады Рен Тв.

ВВС телеарнасының мәліметінше, қыздың әкесі бұл шешімге қарсы болған. Ал анасы, керісінше, қызының денесін мұздатып сақтап қоюға қарсы болмапты.

"Егер де қызым 200 жылдан соң қайта тірілетін болса, ол бірде-бір тірі қалған туысын таба алмайды. Онымен қоса, қызым оянса, АҚШ-та ғана оянуы мүмкін", - деп келтіреді әкесінің сөзін ВВС телеарнасы.

Сондай-ақ, 14 жастағы қыздың өз өліміне бірнеше ай қалғанда денені мұздату жайлы мәліметтерге қызығушылық танытқаны айтылады. Осылайша, ол денесін мұздатып сақтап қойса, оның өмірге қайта келу мүмкіндігі болады деп түсінген. Қыз өлімінің алдында өмір сүргісі келетіні жайлы хат қалдырып кеткен екен.

"Мені жердің астына көмуін қаламаймын. Мені обырдан емдейтін дәріні тауып, қайта оятқандарын қалаймын - әрі қарай өмір сүргім келеді, ұзақ өмір сүргім келеді", - деп жазған мектеп оқушысы хатында.

Айта кетейік, қазіргі уақытта қыздың денесі АҚШ-қа жеткізілді. Себебі қажетті криоген қоймалары тек Ресей мен АҚШ-та бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети