09 қазан 2020 12:25

Омурбек Бабанов Қырғызстан премьер-министрi лауазымына ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Қырғызстанның төрт партиясы Омурбек Бабановты премьер-министр лауазымына ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg басылымына сiлтеме жасап.


Қырғызстанның төрт партиясы Омурбек Бабановты премьер-министр лауазымына ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg басылымына сiлтеме жасап.

"Республика", "Ата Мекен", "Бир Бол" және "Реформа" партиялары "Ақырғы үміт" меморандумына қол қойды.

"Елдегi жағдай тұрақсыз екенін көріп отырмыз, не болып жатқаны түсінiксiз. Сондықтан бiз ресми түрде бiрiктiк. Меморандумға партия басшылары қол қойды", - деді Тiлек Тоқтағазиев.

Омурбек Бабанов 2017 жылы өткен президент сайлауында екінші орын алған болатын. Бiраз уақыт өткен соң Қырғызстаннан кетiп қалған. Сол кезде саясаттан кететінiн хабарлаған. Содан соң оның үстінен екі қылмыстық іс қозғалды: Бабановқа провакациялық мәлімдеме жасады және биліктi күштеп тартып алып, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруды көздедi деген айып тағылды.

2020 жылғы 9 тамызда Бабанов Қырғызстанға қайтып келді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети