06 қазан 2019 15:11

Оңтүстік Корея қазақстандықпен болған жол апатынан кейін елден шығу ережесін қатаңдатпақ

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Тұрар Қазанғапов Сурет: Тұрар Қазанғапов

Оңтүстік Корея қазақстандықпен болған жол-көлік оқиғасынан кейін заңсыз тұрып жатқан шетелдіктерге елден шығу ережесін қатаңдатады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Korea Times басылымына сілтеме жасап.


Оңтүстік Корея қазақстандықпен болған жол-көлік оқиғасынан кейін заңсыз тұрып жатқан шетелдіктерге елден шығу ережесін қатаңдатады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Korea Times басылымына сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореяның Әділет министрлігі заңсыз жүрген шетелдіктер 3-15 жұмыс күні аралығында жақын жердегі иммиграциялық орталыққа немесе шетелдіктердің орталығына (вегук орталығы) елден шығатыны туралы хабарлауы тиіс екенін хабарлады. Басылымның мәліметінше, шетелдіктер кетер алдында қылмыстық істерге байланысты тексеруден өтеді. 

Өтінім үлгісі елдің бас көші-қон басқармасының сайтында қолжетімді болады. Сондай-ақ, паспорт, билетті көрсету керек.

Бұған дейін заңсыз тұрып жатқан шетелдіктер Оңтүстік Кореядан билікке хабарламай қайта алатын. Қазіргі жүйе 21 қазанда күшін жояды, ал өз еркіңмен кету үшін өтінім 14 қазаннан бастап қабылданады.

The Korea Times мәліметтері бойынша, күшейтілген ережелер жолда баланы қағып кеткен және келесі күні елден кетіп қалған қазақстандықтың оқиғасынан кейін күшіне енгелі отыр.

Бұған дейін корей БАҚ өкілдері 20 жастағы қазақстандық 7 жасар баланы қағып кетіп, елден қашып кеткенін хабарлаған болатын. Бала көптеген жарақат алған, оған ота жасалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети