12 тамыз 2020 16:20

Оңтүстік Кореяда 2009 жылдан бері жұмыссыздық деңгейі күрт өсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Оңтүстік Кореяның статистикалық басқармасының деректеріне сәйкес 2009 жылдан бері жұмыссыздық деңгейі 4 пайыз болып, рекорд жасады, - деп хабарлайды The Korea Herald.


Оңтүстік Кореяның статистикалық басқармасының деректеріне сәйкес 2009 жылдан бері жұмыссыздық деңгейі 4 пайыз болып, рекорд жасады, - деп хабарлайды The Korea Herald.

Пандемия салдарынан 277 мыңнан астам адам жұмыссыз қалған. Мекеменің хабарлауына қарағанда, бес ай бойы жұмыссыздық деңгейі өсіп келе жатыр. Бұл - 2008-2009 жылдардағы дағдарыстан кейін ең үлкен көрсеткіш.

Ел бойынша 16,5 миллион адам жұмыссыз. Көбіне 40 жастан асқан адамдар жұмысынан айырылған екен.

Еске салайық, кеше Оңтүстік Кореяда коронавирустың жаңа үш штаммы анықталғаны хабарланған еді. Жаңа мутация Германиядағы GISAID зертханасындағы 80 мың вирустық тізбектелген геномнан ерекшеленеді. Генетикалық мутациялар вирустың ақуызында анықталған. COVID-19 вирусының жаңа штаммының екеуі Пәкістаннан, ал біреуі Өзбекстаннан келген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети