11 тамыз 2020 17:47

Оңтүстік Кореяда коронавирустың жаңа үш штаммы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: dw.com Фото: dw.com

Оңтүстік Кореяда коронавирустың жаңа үш штаммы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оңтүстік Кореяда коронавирустың жаңа үш штаммы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аурудың алдын алу және бақылау орталығының мамандары мутацияға ұшыраған коронавирустың  жаңа үш штаммын анықтаған.

Жаңа мутация Германиядағы GISAID зертханасындағы 80 мың вирустық тізбектелген геномнан ерекшеленеді. Генетикалық мутациялар вирустың ақуызында анықталған. COVID-19 вирусының жаңа штаммының екеуі Пәкістаннан, ал біреуі Өзбекстаннан келген.

"Елге келген 3 адам оқшауланды. Олар басқа адамдармен байланыста болмаған", - дейді орталықтың директоры Чон Ен Кен.

Оның айтуынша, жаңа штаммдардың қаншалықты жұқпалы екенін әлі анықтау керек.

Оңтүстік Кореяның аурудың алдын алу және бақылау орталығының мәліметінше, елде коронавирусты жұқтырудың 14 626 дерегі тіркелген, 305 адам қайтыс болыпты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети