10 қараша 2020 10:12

Оңтүстік Кореяда қазақстандық ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Кореядағы Кванджу қаласының полициясы 28 қазанда елде заңсыз жүрген 26 жастағы қазақстандықты ұстады, - деп хабарлайды Newsis.


Оңтүстік Кореядағы Кванджу қаласының полициясы 28 қазанда елде заңсыз жүрген 26 жастағы қазақстандықты ұстады, - деп хабарлайды Newsis.

Ол телефон алаяқтарымен қатысы бар деп айыпталып отыр.

Дереккөз мәліметінше, қазақстандық 500 мың вон (шамамен 194 мың теңге) сыйақы үшін біреуден 35 миллион вон (шамамен 13,6 миллион теңге) алуы керек болған.

Осылайша қазақстандық егде жастағы кісілерді телефон арқылы алдап, олардан бар жинаған ақшасын пакетке салып, есік алдына қойып қоюын талап еткен.

"Қазақстан азаматы ақша салынған пакетті алып, Кенгидо провинциясынан асып өтіп, ақшаны өзге біреуге тапсырған. Қазіргі уақытта полиция тергеу жүргізіп жатыр", - деп жазады басылым.

Редакция Қазақстанның СІМ өкілдерінен осы мәселеге қатысты пікір білдіруін сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети