07 шілде 2020 10:33

Оңтүстік Кореяда коронавирустың қауіпті штаммы тарап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Кореяда COVID-19-дан әлдеқайда жылдам әрі одан да жұқпалы GH коронавирус штаммы тарап жатыр. Бұл туралы Кореядағы ауруларды бақылау және олардың алдын алу орталығы (KCDC) ұйымы хабарлады, - деп жазады РИА Новости.


Оңтүстік Кореяда COVID-19-дан әлдеқайда жылдам әрі одан да жұқпалы GH коронавирус штаммы тарап жатыр. Бұл туралы Кореядағы ауруларды бақылау және олардың алдын алу орталығы (KCDC) ұйымы хабарлады, - деп жазады РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, мамыр айының басында Корея карантиндік шаралардың жеңілдеген режиміне көшті, бірақ содан кейін билікке вирустың жаңа ошақтары пайда болуына байланысты қауіпсіздік ережелерін қайтадан күшейтуге тура келді.

Осылайша, мамыр айының басынан бері коронавирустың 270-тен аса жағдайы тіркелген. Ол Сеулдегі Итхэвон ойын-сауық ауданының түнгі клубтары мен барларында вирустың таралуымен байланысты болды.

Ғалымдардың сөзіне сенсек, COVID-19 ДДҰ басқаратын GISAID вирустары геномдарының деректер базасына сәйкес S, V, L, G, GH, GR және O деген жеті штаммға бөлінеді.

Бастапқыда елде Қытайдың S штаммы таралған болатын, содан кейін елдегі барлық аурудыңың жартысын құрайтын Синчхончжаның сектанттарынан табылған V-ге мутацияланды. Алайда сәуір-мамырдан бастап Оңтүстік Кореяда негізінен шетелден әкелінген G штаммымен және оның GR және GH кіші топтарымен жұқтыру жағдайлары тіркеле бастаған екен.

S штамм мутациясы болып табылатын GH штаммы, коронавирустың басқа түрлеріне қарағанда алты есе жылдам таралады деп саналады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети