Оңтүстіккореялық белсенділер КХДР жаққа қарай мыңдаған шар ұшырды

26 Қазан 2014, 12:46
0
Оңтүстіккореялық белсенділер КХДР жаққа қарай мыңдаған шар ұшырды - ©REUTERS
©REUTERS

Оңтүстікқореялық белсенділер КХДР жаққа қарай ішіне парақшалар салынған мыңдаған шарды ұшырды, деп хабарлайды Gazeta.ru "Ренхап" агенттігіне сілтеме жасап.

Осылайша 20 мыңға жуық сыни мағынадағы парақша ауаға жіберілген. Ол парақшаларда елде жемқорлықтың ушыққаны және КХДР-да адам құқықтары сақталмайтыны жазылған. Белсенділер шарларды КХДР-мен шекаралас орналасқан оңтүстіккореялық Пхаджу (Paju) қалашығы тұрғындардың қарсылығына қарамастан аспанға ұшырған. 

РИА Новости атап өткеніндей, солтүстіккореялық билік егер алдағы уақытта ішіне парақша салынған шарлар ұшырылатын болса, көрші елдің шекаралас аймақтарына оқ жаудыратындықтарын ескерткен болатын. Мұндай акция бұған дейін қазан айының басында да ұйымдастырылған болатын. Ол кезде солтүстіккореялық шекарашылар ұшқан шарларды зенитті пулеметтермен атқылап, жергілікті тұрғындардың зәре-құтын қашырған.

Солтүстіккореялық БАҚ өкілдері мұндай әрекеттердің екі ел арасында түсініспеушілікке әкеп соқтыруы мүмкін екенін айтуда. Ал КХДР билігі бұл әрекеттерді "соғыстың басталуынан" хабар береді деген ойда. Сол себепті Солтүстік Корея билігі Оңтүстік Кореямен арада өткелі отырған келіссөздерді болдырмай тастайтыны жөнінде ескерту жасады.

Еске саламыз, 2014 жылы қазанның басында екі елдің билік өкілдері жоғарғы деңгейдегі формалды келіссөздер жүргізуге келіскен болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай