31 тамыз 2021 09:22

Өзбекстан ауған босқындарын қабылдаудан бас тартты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі Өзбекстан "тәліптерден қашқан ауған халқына шекарасын ашуға" дайын деген ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik Өзбекстанға сілтеме жасап.


Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі Өзбекстан "тәліптерден қашқан ауған халқына шекарасын ашуға" дайын деген ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik Өзбекстанға сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, қазіргі уақытта шекара жабық және "Термез" өткізу бекеті арқылы құрлықтан өту тоқтатылды, сонымен қатар ел аумағы арқылы транзитпен жүрген Ауғанстан азаматтары мен шетелдіктерді эвакуациялау тек әуе жолымен жүзеге асырылады.

"Шекарадан өтуге жасалған кез келген әрекет себебіне қарамастан Өзбекстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады. Соңғы 12 күн ішінде Өзбекстан бірқатар мемлекетке эвакуация үшін гуманитарлық операцияларды жүзеге асыруға көмектесті", - делінген хабарламада.

Ведомство Ауғанстанның ішкі істеріне араласуды және өз аумағында ауған босқындарын қабылдауды жоспарламайтынын айтты.

"Сыртқы істер министрлігі Өзбекстан Республикасы өз аумағында ауған босқындарын қабылдамайтынын, транзит кезінде жәрдем көрсететінін тағы да мәлімдейді. Өзбек тарапы Ауғанстанмен дәстүрлі достық және тату көрші қарым-қатынастарын қолдауға және көрші елдің ішкі істеріне араласпау қағидаттарына берік екенін тағы да айтамыз", - деді өзбек СІМ өкілі.

Ауғанстандағы жағдай шиеленіскеннен кейін Өзбекстан босқындарды көрші мемлекеттен эвакуациялау тізбегінде аялдама ретінде әрекет етеді. Германиядан басқа ЕО азаматтарын Ташкент арқылы, Польша үкіметі Навои әуежайы арқылы, Венгрия Үкіметі Бұхара арқылы еліне эвакуация жасады.

Қазіргі уақытта Неміс СІМ-нің Ауғанстаннан шығуға арналған тізімінде осы елдің 10 мың азаматы бар. Олардың отбасы мүшелерін ескере отырып, Германия тағы 40 мың адамды қабылдауға дайын, деді Euronews.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети