25 қазан 2021 13:56

Өзбекстан ОСК Мирзиеевтің жеңісі туралы ақпаратты түсіндірді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/mirziyoyev_sh Фото:instagram.com/mirziyoyev_sh

Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясы қазіргі президент Шавкат Мирзиеевтің жексенбіде өткен сайлауда 90 пайыз дауыс жинағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.


Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясы қазіргі президент Шавкат Мирзиеевтің жексенбіде өткен сайлауда 90 пайыз дауыс жинағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін Euronews телеарнасы Мирзиеев жексенбіде өткен мемлекет басшысын сайлаудың алдын ала қорытындысы бойынша 90 пайыз дауыс жинап, қайта сайланғанын хабарлады.

"Өзбекстан президенті сайлауының алдын ала қорытындылары белгілі болды деген ақпарат тарап жатыр. Бұл шындыққа жанаспайтынын хабарлағымыз келеді", - деді ОСК баспасөз хатшысы Жалолиддин Усманов.

Оның айтуынша, сайлаудың алдын ала қорытындыларын ОСК төрағасы Зайниддин Низамходжаев дүйсенбіде сағат 16.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 17.00-де) жариялайды.

ОСК мәліметтері бойынша, сайлау учаскелері жабылған кезде 80,8 пайыз адам келген, яғни 16,037 миллион адам дауыс берген. Нақты мәліметтер бойынша, сайлауда 19,86 миллион сайлаушының дауыс беру құқығы болған.

Елде ресми жұмыс істейтін бес партияның барлығы - Экологиялық, "Миллий тикланиш" ("Ұлттық жаңғыру"), Либералдық-демократиялық (УзЛиДеП), Халықтық-демократиялық (НДПУ) және "Адолат" ("әділдік") партиялары өз кандидаттарын тіркеді. Олардың арасында қазіргі президент Шавкат Мирзиеев те бар. Сарапшылардың пікірінше, ол жеңіске басты үміткерлердің бірі.

Өзбекстанда президент сайлауы бес жылда бір рет өткізіледі. 2016 жылы 4 желтоқсанда кезектен тыс президенттік сайлау өтті, сайлауда премьер-министр қызметін атқарған Мирзиеев жеңіске жетті. Елді 1989 жылдан бастап басқарған президент Ислам Каримов 2016 жылдың 2 қыркүйегінде 78 жасында инсульттан қайтыс болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети