Өзбекстан президенті математикаға ерекше көңіл аударуды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстан президенті математикаға ерекше көңіл аударуды тапсырды Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев елдегі математиканы оқытудың ескі әдістемесін сынады. Енді  балабақшада, мектепте және жоғары оқу орындарында математика оқытуды арнайы институт үйлестіреді, деп хабарлайды Gazeta.uz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев елдегі математиканы оқытудың ескі әдістемесін сынады. Енді  балабақшада, мектепте және жоғары оқу орындарында математика оқытуды арнайы институт үйлестіреді, деп хабарлайды Gazeta.uz.

Мирзиеев 12 маусымда Ташкенттегі Студенттер қалашығында салынған Математика институтының жаңа ғимаратын аралады. Бұл жерде жеті ғылыми зертхана және Жас математиктер орталығы жұмыс істейді.

Өзбекстан президенті институт "барлық ғалым үшін ағартушы орталық болу керегін" және "ел дамуы үшін негіз болатын білім мен ғылымның тығыз байланысын қамтамасыз ету керегін" атап өтті.

"Математика қанымызда бар. Соңғы 20 жылда бұл ғылымдағы білім деңгейіміз төмендеп кетті. Себебі біз мұғалімдерге айтарлықтай назар аудармадық, оларға лайық жалақы бермедік, алдарына нақты мақсат қоймадық. Қазір көптеген салада осының салдары білініп жатыр", - деді  Мирзиеев.

 Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети