1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Өзбекстанда 11 дәрігер коронавирус жұқтырған

Фото: РИА Новости / Илья Питалев Фото: РИА Новости / Илья Питалев

Өзбекстанда коронавирус жұқтырған 65 адамның 11-і - Вирусология ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері. Бұл туралы президент Шавкат Мирзиеев айтты, - деп хабарлайды CentralAsia.

"Медицина қаншалық дамыса да, мемлекет қанша қаражат бөлсе де, халық дәрігерлердің кеңесіне құлақ аспаса, карантин ережесін сақтамаса, пандемиямен күресіп жатқан азаматтардың барлық шарасы босқа кетеді", - деді президент.

Сондай-ақ, Өзбекстан президенті елдегі жағдайға байланысты халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізбей, үндеу жасамаған өңір басшыларын сынға алды.

"Жергілікті телеарналар, газеттер мен журналдарда жұмыс дұрыс деңгейде атқарылмай жатыр", - деді ол.

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандарға бес күн ішінде аурухана салу жоспарланып отыр

Осыған байланысты президент облыс, аудан және қала басшыларына күні-түні жұмыс істеу керегін айтып, коронавирустың алдын алу үшін жұмыстар жүргізілу керегін ескертті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Доллар арзандады