Өзбекстанда 87 мыңнан астам балаға Pfizer вакцинасы салынды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Өзбекстанда 87 мыңнан астам балаға Pfizer вакцинасы салынды. Бұл туралы Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz сайтының сауалына берген жауабында хабарлады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Өзбекстанда 87 мыңнан астам балаға Pfizer вакцинасы салынды. Бұл туралы Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz сайтының сауалына берген жауабында хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, Өзбекстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері мен Ұлттық техникалық иммунологиялық сараптаманың шешімімен, 28 қыркүйектен бастап ата-анасы мен қамқоршыларының келісімімен 12 жастан асқан балаларға ерікті түрде екпе салу енгізілді. Осыған дейін 12-15 жас аралығындағы балаларға жасаған зерттеуде коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасының клиникалық зерттеулерінің нәтижелері бұл вакцинаның жоғары тиімділігі мен қауіпсіздігін көрсеткен болатын, ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 12 жастан асқан балалар мен жасөспірімдерге Pfizer вакцинасын салуды ұсынған.

"5 қазандағы жағдай бойынша елде 12-18 жас аралығындағы 87 710 бала Pfizer вакцинасын ерікті түрде салдырды. Қазіргі уақытта елде жаппай вакцинациялауды 3138 вакцинация пункті мен 18 828 бригада жүргізіп жатыр. 12 жастан асқан балаларға ата-аналары мен қамқоршыларының келісімімен аймақтың кез келген вакцинация орталығында коронавирусқа қарсы екпе алуға болады", - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Ведомствода атап өткендей, елге Pfizer/BioNTech вакцинасының барлығы 1 200 000 дозасы келген, 5 қазанда бұл вакцинаның 465 010 дозасы вакцинация процесінде қолданылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Алматыда нөсер жауады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 519.11  course up  602.7  course up  6.62  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer