01 тамыз 2021 10:55

Өзбекстанда шенеуніктерге қымбат көлік сатып алуға тыйым салынды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay Фото: pixabay

Өзбекстанда билік органының басшылары 1 тамыздан бастап қызметтік көлік алуға 490 миллион сумнан (шамамен 46 мың доллар) артық тапсырыс бере алмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Өзбекстанда билік органының басшылары 1 тамыздан бастап қызметтік көлік алуға 490 миллион сумнан (шамамен 46 мың доллар) артық тапсырыс бере алмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Үкімет инновация бюджет қаражатын үнемдеп қана қоймай, отандық көлік саласын да қолдайды деп сенеді. Жаңа ережелерге сәйкес, әр мемлекеттік қызметкерге жеке бекітілген көлікті бес жыл пайдаланғаннан кейін ғана ауыстыруға болады.

Құжатта министрлерге, мемлекеттік комитет басшыларына, облыстар мен Ташкенттің хокимдеріне (әкімдеріне) бекітілген қызметтік көліктің ең жоғары бағасы екі мың базалық есеп шамадан (БЕШ) немесе 490 миллион сумнан (шамамен 46 мың доллар), ал қозғалтқыш көлемі - төрт литрден аспауға тиіс екені айтылған. Олардың орынбасары үшін - 1,5 мың БЕШ немесе 367 миллион сум (шамамен 35 мың доллар), қозғалтқыш көлемі 2,5 литрден аспайды.

Аудан мен қала басшылары үшін қызметтік көліктің шекті құны бір мың БЕШ немесе 245 миллион суммен (23 мың доллар) белгіленген, қозғалтқыш көлемі екі литрден аспайды. Мемлекеттік басқару органдарының өңірлік бөлімше басшылары, сондай-ақ аудан мен қала хокимдерінің орынбасарлары үшін - 700 БЕШ немесе 171 миллион сум (16,3 мың доллар).

Қаулы шыққаннан кейін мемлекеттік органдар қызметтік көліктерге түгендеу жүргізіп, белгіленген құн лимитінен асатын көліктер тізімін жасап, оларды аукцион арқылы сатуға шығарады.

Портал мәліметінше, бүгінде мемлекеттік органдардың көлікжайында Cadillac XTS, Mercedes W222 седандары немесе Land Cruser 200 жол талғамайтын көліктері үлкен сұранысқа ие. Онда облыс министрлері немесе хокимдері (губернаторлары) өздеріне сеніп тапсырылған аймақтарды аралауды ұнатады. Құны 60 мың доллардан басталатын барлық осы модельдер жаңа баға лимитіне кірмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети