01 маусым 2018 09:32

Өзбекстанға барған әрбір шетелдік күн сайын салық төлеуге міндеттелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстанның министрлер кабинетіндегілер мемлекеттік баж салығын өндіріп алуға және шетелдік валютадағы салықтан тыс төлемдерді өндіруге қатысты өзгертулер енгізді, - деп хабарлайды Nuz.uz.


Өзбекстанның министрлер кабинетіндегілер мемлекеттік баж салығын өндіріп алуға және шетелдік валютадағы салықтан тыс төлемдерді өндіруге қатысты өзгертулер енгізді, - деп хабарлайды Nuz.uz.

Басылымның мәліметінше, азаматтығы жоқ және шетелдік азаматтар 30 күнге дейін уақытша тіркеуге тұру үшін әр күн үшін салық төлейді, яғни, Өзбекстандағы айлық есептік көрсеткіштің (3 445 сом) 2 пайызын төлеп отыруға тиіс болады. Осы күнге дейін уақытша тіркеу 20 доллар (160 516 сом) тұрған екен. Шетел азаматтарына Өзбекстанға қанша уақытқа келгеніне қарамастан осы соманы төлеу міндеттелген еді.

Мемлекеттік туризм комитеті өкілдерінің айтуынша, осылайша туристер ақшаларын айтарлықтай үнемдей алады.

Басылымның мәліметінше, бұл өзгерістердің ТМД елдеріне де қатысты бар. Енді Өзбекстанға келген турист уақытша тіркеуге тұруға төлейді, мұнымен қоса, олар күніне 3 445 сом көлемінде салық төлеуге міндеттелді. Осыған дейін олар елге қанша күнге келуіне қарамастан 5 доллар (3 күннен бастап 6 айға дейін) төлеген екен. 

Комитет өкілдері ТМД елдерінен келген туристердің көбі бір апта немесе 10 күнге туыстарына, достарына келетінін айтып өтті.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети