Өзбекстанның бұрынғы президенті туралы ресми мәліметке қайшы жаңа деректер жарияланды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© news.rambler.ru © news.rambler.ru

Ислам Кәрімов атындағы қор Өзбекстаннның бұрынғы президенті жайлы белгісіз болып келген деректерді жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ислам Кәрімов атындағы қор Өзбекстаннның бұрынғы президенті жайлы белгісіз болып келген деректерді жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қордық Facebook желісіндегі ресми парақшасында Ислам Кәрімов отбасының ақ-қара түсті суреті жарияланды. Онда Ислам Кәрімовтың ата-анасы мен отбасындағы өзге балалар бейнеленген. 

"Бұл 1928 жылы түсірілген Кәрімовтер отбасының суреті, бұл Ислам Кәрімовтың дүниеге келуінен 10 жыл бұрын. Мұнда оның ата-анасы Абдугани-ота (1894 жылғы), Санобар-ая (1902 жылғы), олардың балалары Мехринисо (1920 жылғы), Амонулло (1922 жылғы) және Ибодулло (1926 жылғы) бейнеленген. Отбасында сегіз бала болған - Мехринисо атты бір қыз және Амонулло, Ибодулло, Арслан, Куддус, Икром, Ислом, Хуршид атты жеті ұл", - делінген қор ақпаратында.

Қор мәліметі бойынша, Ислам Кәрімовтың әкесі қызмет адамы болғандықтан, қатал, өзіне және өзгелерге де жоғары талабымен ерекшеленген екен. Ол қатаң тәртіпті ұстанған және балаларынан да соны талап еткен. Қала халқы арасында үлкен құрметке ие болыпты. Анасы үй шаруасындағы адам болған. Әкесі текті жерден - мода-шәріф болған. 

"Кәрімовтер отбасының барлық ұлы жоғары білім алған. Үшеуі мектепті атын белгімен аяқтаған. Үшеуі ғылым кандидаты атанған - Ибод Ганиұлы, Куддус Ганиұлы және Ислам Абдуганиұлы. Бұл ол кезде де, қазір де - бірегей жағдай. Кейін Ислам Кәрімов академик дәрежесін иеленді. Аға-інілерінің барлығы есте сақтау қабылетімен ерекшеленген. Олар өзара қазір оқылған мәтінді жатқа айту арқылы жарысқан екен", - деп атап өтті қор өкілдері.

Мұның алдында СА-news.org ақпарат агенттігі Ислам Кәрімов балалар үйінде тәрбиеленіп, ал аға-інілері туралы ақпарат мүлде болмағаны, ал ата-анасының суреті еш жерде жарияланбағанын хабарлаған еді.

Былтыр Өзбекстан президентінің сайтындағы өмірбаян мәтінінде жаңа ақпарат пайда болып, оның екі емес, үш баласы бары жазылған еді. Кәрімовтың  Наталья Кучмадан Петр атты ұлы бар. Петр Кәрімов қазір Мәскеу облысында тұрады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer