09 мамыр 2017 10:38

Өзінен 25 жас үлкен мұғаліміне үйленген жаңа президенттің әйелі жайлы 7 қызық дерек: Макронның махаббаты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Францияның президенттік сайлауында жеңіске жеткен 39 жастағы Эммануэль Макронның 64 жастағы әйелі Бриджит Тронье әлем БАҚ-тары ең көп талқылаған тақырыпқа айналды. 


Францияның президенттік сайлауында жеңіске жеткен 39 жастағы Эммануэль Макронның 64 жастағы әйелі Бриджит Тронье әлем БАҚ-тары ең көп талқылаған тақырыпқа айналды. 

Сұхбаттарының бірінде Францияның бірінші ханымы биылғы президенттік сайлауда күйеуі жеңіске жеткенін қатты қалайтынын, әйтпесе келесі президенттік мерзімге дейін өзінің 70-ке келетінін айтып, әзілдеген еді. 


Эммануэль Макрон әйелі Бриджитпен. © Reuters

Француз президентінің әйелі жайлы бірқатар қызықты деректі Hellomagazine журналы келтіріп отыр:

1. Бриджит 1953 жылдың 13 сәуірінде Францияның солтүстігіндегі Амьен қалашығында белгілі шоколатье Жан Троньенің отбасында дүниеге келген. 1872 жылы құрылған кондитерлік фабрика печеньесімен танымал - бизнес осы күнге дейін жылына 4 миллион еуро табыс әкеледі. Отбасы - көпбалалы, Бриджит кенжесі болған.

2. Бриджит әкесінің ісін жалғастырғысы келмей, француз және латын тілдерінен мұғалім болған.

3. 21 жасында Бриджит банкир Андрэ Луи Озьерге тұрмысқа шығып, үш бала тауып берген: баласы Себастьян және екі қызы Лоренс пен Тиффани. 

4. 1993 жылы 39 жастағы Бриджит мұғалім болып жұмыс істеп жүрген және туған қаласы Амьендегі La providence жеке мектебінде театр үйірмесін жүргізген. Сол кезде оған 15 жастағы оқушы Эммануэль Макрон ғашық болған. Ол оқу жылының соңында мұғаліміне сөз салыпты. Көп жыл өткеннен кейін Бриджит Эммануэльдің сол кезде қатарластарына қарағанда үлкен көрінетінін айтқан: "Мен оны ешқашан оқушым деп есептемегенмін, ол ерекше еді".


Бриджит Тронье (ортада) Макрон оқыған мектепте

5. Француз жазушысы Анна Фэлдтың "Мінсіз жас ер адам" ("Un jeune homme si parfait") кітабына сүйенсек, Эммануэльдің әкесі Жан-Мишель Макрон Бриджитке ұлымен сөйлесуге тыйым салыпты. Эммануэль 17-ге толғанда, ата-анасы оны Парижге IV Генрих атындағы гимназияға оқуға жіберген. Содан бері Макрон Бриджиттен екі сағаттық қашықтықта болған. Алайда Эммануэль мен Бриджит хат алмасып отырған. Күндердің бірінде ол үйленетінін мәлімдеген. 2007 жылы Бриджит ажырасып, Макронға Парижге келіп, екеуі үйленген. Тойда Бриджиттің екі қызы болған. Сөйтсек, қыздарының бірі Эммануэльдің сыныптасы болған-мыс.


Бриджит мектепте


Эммануэль оқу кезінде


Эммануэль мен Бриджит мектепте қойған пьеса кезінде

6. Бриджит - бақытты әже. Балалары оған жеті немере сыйлаған. Эммануэль Макрон оларға әкесіндей қарайды екен. Бриджиттің 30 жастағы кенже қызы Тиффани Макронның штабында заңгер болып қызмет етеді. Бірінші ханымның тұңғыш ұлы Себастьен Эммануэльден екі жас үлкен. Ал үлкен қызы Лоренс Эммануаэльмен бір сыныпта оқыған.


Бриджит қыздарымен

7. Бриджит бар уақытын күйеуінің саяси қызметіне арнаған, кейде тіпті сөйлейтін сөзін де жазып береді екен. Соған қарамастан, Бриджит саяси қайраткер болғысы келмейтінін мәлімдеген. Айтуынша, тек "жанында болғысы келеді" екен.


© Reuters

Сайлауалды кампания кезінде Эммануэль Макронның қарсыластары шешесімен жасты әйелмен некесі арқылы ол өзінің бейдәстүрлі ориентациясын жасырады деп мәлімдеген. Алайда бұған журналистер еш дәлел таба алмаған.


© Reuters

Эммануэль Макрон Франция президенті қызметіне ресми түрде 14 мамырдан бастап кіріседі. Сол күні ұлықтау рәсімі өтеді.


Бриджит пен Эммануэль Paris Match мұқабасында

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети