14 қараша 2015 09:35

Париж прокуратурасы терроризм туралы алты оқиға бойынша іс қозғады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Париж прокуратурасы терроризм туралы алты оқиға бойынша іс қозғады. Бұл туралы РИА Новости қала прокуроры Франсуа Моленске сілтеме жасап хабарлады.


Париж прокуратурасы терроризм туралы алты оқиға бойынша іс қозғады. Бұл туралы РИА Новости қала прокуроры Франсуа Моленске сілтеме жасап хабарлады.

"Тергеу террорлық мүддемен жеке тұлғаларға қатысты қылмыстық әрекет жасау мақсатында қылмыстық келісімге қатыса отырып кісі өлтіру бойынша іс қозғалды", - деп хабарлады прокурор тілшілерге. 

"Тергеу "Стад де Франс" (қаза болғандар бар), Шаронн гүлзары (18 адам қаза тапты), Вольтер гүлзары (бір адам қаза тапты), Фонтен-о-Руа (5 адам қаза тапты), Аллибер қаласы (14 адам қаза тапты және сонымен қатар жарақат алған көптеген адам) оқиғаларына байланысты жүргізіліп жатыр", - деді прокурор.

Еске салайық, 13 қараша күні Франция астанасы Парижде бірнеше теракт болды. Ақпарат құралдарының мәліметінше, белгісіз біреулер ең алдымен қаладағы мейрамханалардың біріне шабуыл жасады. Сонымен қатар, Франция-Германия матчы өтіп жатқан "Стад де Франс" стадионының маңынан да жарылыстың даусы естілді. Бұл ойынға Франция президенті Франсуа Олланд келген болатын. Кейін "Батаклан" театрында террорлардың 100 шақты адамды кепілге алғаны хабарланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети