14 маусым 2016 10:06

Парижде белгісіз ер адам полицейді пышақтап, оның әйелі мен ұлын кепілге алған - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Париж маңында белгісіз ер адам полицейді үйінің жанында пышақтап өлтіріп, кейін оның әйелі мен ұлын кепілге алған, - деп хабарлайды РИА Новости басылымы France Press агенттігіне сілтеме жасап.


Париж маңында белгісіз ер адам полицейді үйінің жанында пышақтап өлтіріп, кейін оның әйелі мен ұлын кепілге алған, - деп хабарлайды РИА Новости басылымы France Press агенттігіне сілтеме жасап.

Parisien басылымының мәліметінше, оқиға болған жерде француз полициясының арнайы бөлімшесі жұмыс істеп жатыр. Кейін France lnfo радиостанциясы полицейлердің шабуылынан кейін ер адамның ұсталғанын хабарлады. Сонымен қатар, үйден қаза тапқан полицейдің әйелінің денесі табылғаны белгілі болды. Ал олардың ұлы аман-есен. Ер адамның мұндай әрекетке не себепті барғаны әзірше белгісіз.

France Press агенттігінің мәліметінше, бұл деректерге қатысты істі Париж прокуратурасының антитеррорлық бөлімшесі жүргізеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети