29 шілде 2021 14:34

Пашинян Әзербайжанмен шекараға Ресей әскерін орналастыруды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: primeminister.am Фото: primeminister.am

Армения премьер-министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинян Әзербайжанмен шектесетін шекара бойына Ресей әскерінің бақылау пунктерін орналастыруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Армения премьер-министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинян Әзербайжанмен шектесетін шекара бойына Ресей әскерінің бақылау пунктерін орналастыруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Қазіргі жағдайды ескере отырып, Ресей шекарашыларының бақылау пунктерін армян-әзербайжан шекарасына орналастыру мәселесін қарастыру орынды деп ойлаймын. Бұл әскери қақтығыстар қаупінсіз шекараны демаркациялау және делимитациялау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді", - деді Пашинян Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, армян үкіметі бұл мәселені ресейлік әріптестерімен талқылауды жоспарлап отыр.

Армения мен Әзербайжан шекарасындағы жағдай 12 мамырда шиеленісе түсті. Армения Қорғаныс министрлігі Әзербайжан әскери күштері Сюник облысының шекаралас учаскелерінің бірінде "шекараларды нақтылау" бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізуге тырысқанын хабарлады. 

Мамырдың соңында Әзербайжан Қорғаныс министрлігі шекарадан өту кезінде алты армян әскерінің ұсталғанын хабарлады. Өз кезегінде Арменияның Қорғаныс министрлігі "Гегаркуник облысының шекаралас аймағында армян әуе күштері әскери бөлімінің күзетілетін аумағында инженерлік жұмыстар жүргізген кезде" алты әскери адам тұтқынға алынғанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети