13 қараша 2020 07:29

Пашинян Қарабақ бойынша келісімге қол қою себебін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Армения премьер-министрі Никол Пашинян халыққа үндеу жасап, Қарабақ бойынша құжатқа қол қоюының себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik Армения басылымына сілтеме жасап. 


Армения премьер-министрі Никол Пашинян халыққа үндеу жасап, Қарабақ бойынша құжатқа қол қоюының себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik Армения басылымына сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, Ереван әскери қимылдарды тоқтату туралы келісімге қол қоймаса, онда 20 мың адамы бар армян армиясының өміріне қауіп төнетін еді.

"27 қыркүйекте соғыс басталды және құжатқа қол қоюмен аяқталды. Бұл қоғамның наразылығына әкеп соқты және көп сұраққа менің жауабымды күтіп отыр. Бірақ бұл пайдасыз құжатқа не үшін қол қойылды? Бұл Қарулы Күштер бас штабының Қорғаныс министрлігі соғысты тоқтату керек, ал Арцах президенті (Таулы Қарабақ басшысы Араик Арутюнян) бірнеше сағат ішінде Степанакерттен айырылуымыз мүмкін дегеннен кейін болды", - деді премьер.

Пашинян Степанакерттен айырылуы Аскеран және Мартакерттен айырылып қалуға әкеп соғатынын атап өтті. Бұл қалалар соғыстың алғашқы күндерінде тыл болды. Ол жерде қорғаныс бекіністері болған жоқ. Бұл қалаларды қорғай алатындай оқ-дәрі де жеткіліксіз болды.

"Бұл қалаларға шабуыл жасағанда біздің қорғаныс аудандарымызды жау қоршап алатын еді. 20 мыңнан аса әскер мен офицер өлім мен тұтқындаудың ортасында қалатын еді. Карвачар мен Кашатагтан да айырылатын едік", - деді премьер.

Оның айтуынша, әскер алдына тапсырма қою - командирдің маңызды қызметі. Бірақ әскер алдағы жағдайларға еш әсер ете алмай, тапсырманы шеше алмай қалса және өліп кететін болса, онда отаны әскердің өмірі үшін құрбандыққа баруы керек.

"Міне сол үшін де мен осы шартқа қол қойдым. Мен карьера мен өмірімнің орнына 25 мың әскердің өмірін таңдадым", - деп түсіндірді Пашинян халыққа үндеу жасаған кезінде.

"Арцах (Қарабақтың өз атауы - еск.) статусы туралы мәселені түбегейлі шешудіңде  маңызы зор. (...) Арцах Республикасын халықаралық мойындау нағыз басымдық болып тұр. Оның үстіне халықаралық мойындау үшін айтарлықтай уәж бар", - деді премьер-министр.

Үндеудің видеосы Пашинянның Facebook желісіндегі парақшасында жарияланды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети