18 қазан 2021 12:32

Пентагон Грузияға көмек жоспарын жариялады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин Вашингтон Грузияға қорғанысын нығайтуға көмектесуді жоспарлап отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин Вашингтон Грузияға қорғанысын нығайтуға көмектесуді жоспарлап отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Пентагон басшысы Грузияға келгеннен кейін Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді.

"Америка Құрама Штаттары Грузияға өзінің қорғанысын нығайтуға және еуроатлантикалық интеграцияны ілгерілетуге көмектесуге дайын, кездесуді асыға күтемін", - делінген хабарламада.

France 24 телеарнасы Остин Ресей қысым көрсетіп жатқан елдермен одақты нығайту және Ауғанстандағы екі жылдық соғысқа қосқан үлесі үшін алғыс білдіру мақсатында Қара теңіз аймағына барғанын хабарлады.

"Біз Ресейдің ықпалында тұрған елдердің егемендігін нығайтуға атсалысамыз. Кездесулер біздің ынтымақтастығымызды одан ары тереңдетуге, аймақтық қауіпсіздік мәселелеріне және Грузияның НАТО-ға кіру процесіне арналады деп күтеміз", - деді Остин.

Грузия Остиннің бұл сапары өздерінің НАТО-ға толық мүше болу идеясын тез жүзеге асырады деп үміттенеді.

"Бұл - АҚШ-тың Грузияның егемендігі мен аумақтық тұтастығын, оның тұрақты және демократиялық дамуын, сондай-ақ, елдің еуроатлантикалық мақсаттарын қолдауының тағы бір айқын белгісі", - деді Грузия сыртқы істер министрі Дэвид Залкалиани.

Пентагон басшысы 21-22 қазанда Брюссельде НАТО қорғаныс министрлерінің саммитіне қатыспас бұрын Грузия, Румыния және Украинаға барады. Барлық үш ел НАТО-ға кіреді. Румыния толық мүше, ал Грузия мен Украина серіктес мемлекеттер. Сондай-ақ, елдер Қара теңіз жағасында орналасқан, онда Ресей өз ықпалын кеңейтуге және Солтүстік атлантикалық келісім ұйымының, АҚШ Еуропалық Одақтың кеңеюіне жол бермеуге тырысады.

Бұған дейін АҚШ-тың 90-ға жуық генералы Пентагон басшысын отставкаға кетуге шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети