20 қыркүйек 2021 17:30

Пермьдегі атыс кезінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы мәлімет жаңарды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Жаңартылған мәлімет бойынша, Пермь мемлекеттік университетінде болған оқиға салдарынан алты адам қаза болды, зардап шеккен 24 адамға көмек көрсетіліп жатыр. Бұл туралы Ресей денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Жалғасы
Тоқаев Путинге көңіл айтты

Елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, зардап шеккен 24 адамға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Күдікті ұстау кезінде полицияға қарсылық көрсетіп, жараланған.

"Апат жағдайындағы федерал медицина орталығының жаңартылған жедел мәліметіне сәйкес, Пермь мемлекеттік университетінде болған оқиға салдарынан алты адам қаза тауып, 24 жараланған адамға медициналық көмек көрсетілді", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kaz.Tengrinews (@kaz.tengrinews)

Бұған дейін Ресейдің Пермь қаласындағы жоғары оқу орнында атыс болғаны хабарланған еді. Оқиға видеосы РЕН-ТВ Telegram-арнасында жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, студенттер ғимарат терезесінен секірген. Сондай-ақ, видео кадрларынан атыс естіледі. Кейін атыс салдарынан 8 адам қаза тапқаны хабарланған болатын.

Қылмыстық іс "Адам өлтіру" бабы бойынша тергеледі. Пермь университетінде атыс шығарған адамды ұстау сәтінің видеосы Желіде жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети