31 наурыз 2021 10:09

Песков Путин Байденнің қорлау сөзі туралы не ойлайтынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © Reuters Фото: © Reuters

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "Аргументы и Факты" басылымына берген сұхбатында Владимир Путин АҚШ-қа немесе кез келген басқа елге "күш тұрғысынан" сөйлесуге мүмкіндік бермейді деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "Аргументы и Факты" басылымына берген сұхбатында Владимир Путин АҚШ-қа немесе кез келген басқа елге "күш тұрғысынан" сөйлесуге мүмкіндік бермейді деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Путинді "жоюшы" деп атаған америкалық көшбасшы Джо Байденнің қорлауынан кейін АҚШ-пен дипломатиялық қатынастардың бұзылуы мүмкін бе деген сұраққа Песков бұл "төтенше сценарий" деп жауап берді.

"Бірақ Америкаға Ресеймен күш тұрғысынан сөйлесуге ешкім жол бермейді. Бұл мүмкін емес. Путин де, Ресей билігі де америкалықтарға, басқаға да бізбен олай сөйлесуге мүмкіндік бермейді", - деді Кремль өкілі.

Сонымен қатар, Песковқа Путинге Байденнің сөздері қатты әсер етті ме және Байден Путинмен жеке кездеспейтін алғашқы америкалық көшбасшы бола ма деген сұрақтарға жауап берді.

"Мәселе Мемлекет басшысының атына жасалған мәлімдеме туралы. Бұл бұрын-соңды болмаған мәлімдеме. Бірақ президент жауап ретінде Байденге денсаулық тіледі, шын жүректен. Денсаулық ешкімге артық емес. Екіжақты қарым-қатынастардағы бұрын-соңды болмаған шиеленісті ескере отырып, алдағы уақытта екі ел халықы және Ресей мен АҚШ президентінің не туралы және қалай сөйлесетіні қызық. Президент қарым-қатынасқа ашық екенін айтты. Бірақ екінші тарап үшін шешім қабылдау мүмкін емес", - деді Песков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети