1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Польша президенті Анджей Дуда коронавирус жұқтырды24 қазан 2020, 16:35

Ашық дереккөзден алынған сурет Ашық дереккөзден алынған сурет

Польша президенті Анджей Дудадан коронавирус анықталды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Блажей Спихальский мәлімдеді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кеше президент Анджей Дуда коронавирусқа тест тапсырды. Нәтиже оң", - деп жазды Спихальский Twitter-де.

Баспасөз хатшысының айтуынша, президент өзін жақсы сезінеді.

Дуда соңғы шетелдік сапарында 11-13 қазанда Украинада болған. Ол ел президенті Владимир Зеленскиймен кездескен.

Бұған дейін Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болып, карантинде жатып шыққан. Қазіргі уақытта сыртқы істер министрі Збигнев Рау карантинде. Вице-премьер Яцек Сасин пандемия басталғалы вирус жұқтырған адамдармен байланыста болып төрт рет карантинде жатқан.

Польшада соңғы уақытта коронавирус инфекциясын жұқтырғандар мен өлім жағдайларының күрт өсуі байқалады. Жұмада тағы бір тәуліктік рекорд тіркелді - 13 632 жаңа жағдай. Бейсенбіде 168 адам қайтыс болды. Бұл да рекорд көрсеткіш.

Жұмада ел үкіметі коронавируспен күресудің жаңа шараларын қабылдады. Қазір Польшаның бүкіл аумағы "қызыл" аймаққа жатады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!