09 маусым 2014 08:32

Порошенко Украинадағы қарулы қақтығысты тоқтатуға уәде берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Украинаның жаңа президенті Петр Порошенко елдің оңтүстік шығысындағы атысты тоқтату керектігін мәлімдеді. "Біз осы аптада қарулы қақтығысты тоқтатуымыз керек. Меніңше, әр күні адам өліп, Украинаның осылай жоғарғы құн төлеп отыруы, бұл болмайтын жағдай. Сондықтан, біріншіден, олардың саяси көзқарасына қарамастан, Донбаста жасайтын әрбір Украина азаматының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, Украинаның мемлекеттік шекарасындағы жұмыстарды жаңғырту қажет" дейді Порошенко. Бұл туралы Порошенконың сөзінен дәйек келтірген президенттің баспасөз қызметі мәлімдеді" деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мұндай мәлімдеме жексенбі күні үшжақты байланыс жасаушылар тобының Украинаның шығысында бейбіт жоспарды жүзеге асыру туралы отырысы барысында жасалды. Кездесуге Украинаның Германиядағы елшісі Павел Климкин, ЕҚЫҰ Бас хатшының арнайы өкілі Хайди Тальявини және Ресейдің Украинадағы елшісі Михаил Зурабов қатысты.

Мемлекет басшысы тараптар 6 маусым күні Нормандияда Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Франсуа Олланд және Ресей президенті Владимир Путин арасында қол жеткізілген келісімді жүзеге асыру мақсатында жұмыс істеуі қажет екенін атап өтті.

Порошенко атқарылып жатқан жұмысты сараптап және Украинаның шығысында бейбіт жоспарды жүзеге асыру жұмыстарын реттеп, алдағы атқарылуы тиіс жұмыстарды үйлестіріп отыру үшін үшжақты байланыс жасаушылар тобының отырысын күнделікті өткізіп тұру керек екені жайлы ұсыныс жасады.

"Десе де, өздерін республика деп жариялаған "Донецскі халықтық республикасының" басшысы Украина президентінің осы аптада Донбастағы қарулы қақтығысты тоқату керек деген мәлімдемесіне сенбейтінін айтады" деп хабарлайды "Эхо Москвы" ақпарат көзі. ДХР вице-премьерінің бірінші орынбасары Андрей Пургин Донецкіде еріктілер жасағының топтасып жатқанын мәлімдеді. "Оның армияны алып кетем дегеніне сену қиын. Түнде Славянскіде "Град" қондырғысынан оқ жаудырылды, қазіргі уақытта Краматорскіде қарулы қақтығыс жалғасып жатыр" дейді Пургин.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети