Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 319.88
EUR / KZT - 394.41
CNY / KZT - 50.42
RUB / KZT - 5.65

Президентке жалған атпен төлқұжат берілген - БАҚ

21 Қаңтар, 10:07
0
© РИА Новости / Григорий Сысоев
© РИА Новости / Григорий Сысоев

Украина президенті Петр Порошенко мен оның отбасы мүшелері Мальдив аралдарында демалу үшін ұшар алдында жалған атпен Украина қауіпсіздік қызметінен (УҚҚ) құжаттар алған, - деп хабарлады РИА Новости агенттігі Страна.ua порталына сілтеме жасап.

Порталдың хабарлауынша, Гелетей (Валерий Гелетей, Мемкүзет басшысы - ред) "құпия" деген таңбамен, президентке қоқан-лоқы жасалып жатыр деп, УҚҚ-ға хат жазған. Сол хаттың негізінде УҚҚ ойдан шығарылған есімдермен төлқұжат жасаған. Мұнымен УҚҚ Шұғыл-техникалық шаралар департаменті айналысқан.

Айта кетейік, страна.ua порталы төлқұжаттардағы есімдер жайлы мағлұмат таратқан жоқ. Сонымен қатар, осыдан біраз уақыт бұрын украиналық БАҚ Порошенконың демалысын отбасымен бірге Мальдив аралдарында өткізгенін жазған. Ол кезде президенттің 1-8 қаңтар аралығында аралды кемі 500 мың долларға жалға алғаны айтылған. Алайда Порошенко мейманханада Mr Incognito Petro Ukraine деген атпен тіркеліпті.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз