24 тамыз 2023 17:52

Пригожин мінген ұшақтың апатқа ұшырауы: жаңа нұсқа аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ©️ ura.ru Сурет ©️ ura.ru

Ресейлік тергеушілер Пригожин мінген ұшақтың шасси бөлімінде жарылғыш құрылғы болуы мүмкін деген нұсқаны тексеріп жатыр. Бұл туралы Telegram-да Shot-арнасы жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ресейлік тергеушілер Пригожин мінген ұшақтың шасси бөлімінде жарылғыш құрылғы болуы мүмкін деген нұсқаны тексеріп жатыр. Бұл туралы Telegram-да Shot-арнасы жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тверь облысындағы Куженкино ауылы маңында Евгений Пригожин мінген ұшақ апатқа ұшырады. Бортта жарылғыш құрылғы орнатылған болуы мүмкін деген нұсқа айтылды.

Тергеушілердің айтуынша, бомба шасси бөлімінде болуы мүмкін, өйткені жарылыс дәл сол жерден басталған. Нәтижесінде ұшақ қанаты жұлынып, кейін ол тұрақтандырғышты соққан.

"Осыған байланысты бизнес-джет күрт көтеріліп, кейін құлдилап құлаған. Жарылғыш герметика әсерінен борттағы барлық адам бірден есінен танған", - делінген басылымда.

БАҚ мәліметіне сүйенсек, бизнес-джеттің құйрық жағы элементі апат нүктесінен 3,5 шақырым жерде, жеке үйдің алаңынан табылған. Тағы бір бөлігі апат орнынан екі шақырым жерде табылды. Бұл бөлшектің не екені белгісіз.

Ресей авиациясы жариялаған тізімге сәйкес, жолаушылар арасында Евгений Пригожин, оның бағынышты командирі Дмитрий Уткин, сондай-ақ Николай Матусеев, Валерий Чекалов, Александр Тотмин, Евгений Макарян және Сергей Пропустин болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети