04 маусым 2021 09:16

Протасевич мемарнаға сұхбат беріп, кінәсін мойындап, оппозицияны кім қаржыландыратынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Telegram / @ontnews Фото Telegram / @ontnews

Минскіде ұсталған Nexta Telegram-арнасының негізін қалаушы Роман Протасевич ОНТ мемлекеттік телеарнасына сұхбат берді. Ол оппозицияның ішкі жанжалдары, оны қаржыландыру, ел көшелеріндегі тәртіпсіздіктер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Минскіде ұсталған Nexta Telegram-арнасының негізін қалаушы Роман Протасевич ОНТ мемлекеттік телеарнасына сұхбат берді. Ол оппозицияның ішкі жанжалдары, оны қаржыландыру, ел көшелеріндегі тәртіпсіздіктер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Протасевич бұл сұхбаттан кейін оның бұрынғы әріптестері оны айыптай бастайтынын айтты. 

"Олардың тарапынан қандай реакция болатынын алдын ала білу қиын. Бұған дейін жоспарланған қандай да бір қолдау акциялары құрдымға кететініне сенімдімін. Көбі мені сатқын десе де таңғалмаймын. Бірақ олар не айтса да маған бәрібір. Шынымен өз қатемді түзегім келеді", - дейді Протасевич.  

Журналист бұл сұхбатты өз еркімен беріп отырғанын айтады. 

"Қай ақшаның қайдан келетінін, болып жатқан оқиғаларға қандай қызметтер әсер ететінін аз ойлаған сайын бәрі қиындай түсті. (...) Мен көшеге шығағу шақырған адамдардың бірі екенімді ашық түрде мойындаймын. Маған айып тағылған кезде бірден өз кінәмді мойындадым, Расында бірден және толық өз кінәмді мойындадым. Мен өзім де жариялаған шақырулардың салдарынан көшеде тәртіпсіздік басталғанын түсіндім, үш күндей Минскіде хаоста болдым", - дейді журналист.  

Протасевич ісі: батыс елдерінің реакциясы мен Лукашенконың жауабы

Протасевич оппозиционер және президентікке үміткер Светлана Тихановскаяны және басқа да оппозиционерлерді кім қаржыландырып отырғанын айтты. 

"Біріншіден, олардың жартысы литвалық салық төлеушілердің есебімен өмір сүріп жатыр. Литвалық салық төлеушілер негізінен шетелдік саясаткерлерді өз ақшасы есебінен қаржыландырады. Көбіне ол жеке демеушілер мен кәсіпкерлер. Бұл жердегі мәселе - сонда олар нені қалап отырғанында. Бұл сұрақтың жауабы өзім үшін де қызық", - дейді Протасевич.   

Оның айтуынша, Польша мен Литваға Беларусьтегі тәртіпсіздіктерді қолдау тиімді. 

Сонымен қатар, Протасевич Александр Лукашенкоға деген көзқарасы туралы ойын айтты.  

"Мен Александр Лукашенконы сынаған кездерім болды, оның себебі де жоқ емес. Мен өмір бойы журналист болғанмын, журналистикаға қатысы жоқ нәрсеге - саясатқа араласа бастаған сайын ол жерден қашқым келді. Мен Александр Григорьевичті сынаған көп кез шын мәнінде қысым жасаудың әрекеті екенін түсіндім", - дейді журналист.  

Денсаулығы. Тергеу. Мойындау. Роман Протасевич ұсталған күні не болды? 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети