25 мамыр 2021 20:35

Путин мен Байден қашан және қайда кездесетіні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Джо Байден 16 маусымда Женевада кездеседі. Бұл туралы Ақ үйдің сайтындағы мәлімдемеде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Джо Байден 16 маусымда Женевада кездеседі. Бұл туралы Ақ үйдің сайтындағы мәлімдемеде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өзара уағдаластыққа сәйкес, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин 16 маусымда Женевада Америка Құрама Штаттарының президенті Джозеф Байденмен келіссөз жүргізеді. Көшбасшылар өзекті мәселелердің барлық спектрін талқылайды, өйткені АҚШ Ресеймен қатынаста тұрақтылықты қалпына келтіруге тырысады", - делінген хабарламада.

16 маусымда Женевада өтетін президенттер кездесуінің мән-жайы, оның ішінде келіссөз уақыты әлі келісілмеген. Бұл туралы РИА Новостиге Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. 

Тараптар стратегиялық тұрақтылық, пандемиямен күрес, халықаралық күн тәртібі және аймақтық қақтығыстар мәселелерін талқылайды.

Бұған дейін БАҚ-та Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Джо Байденнің алғашқы кездесуі Швейцарияда өтуі мүмкін екені жазылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети