17 маусым 2021 09:25

Байден Путинмен кездесудің қорытындысын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

АҚШ президенті Джо Байден Ресей президенті Владимир Путинмен Женевадағы кездесуінен кейін журналистер сұрағына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Голос Америки" сайтына сілтеме жасап.


АҚШ президенті Джо Байден Ресей президенті Владимир Путинмен Женевадағы кездесуінен кейін журналистер сұрағына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Голос Америки" сайтына сілтеме жасап.

Байденнің айтуынша, оның міндеттерінің бірі Путинге АҚШ саясаты Ресейге қарсы бағытталмағанын түсіндіру болған.

"Біз ортақ мүдде үшін ынтымақтасуымыз керек. Әрине, келіспеушіліктер бар. Путин менің не үшін белгілі бір жолмен әрекет етіп, сөйлейтінімді және мүддемізге зиян келтіретін әрекеттерге қалай жауап беретінімді түсінгенін қалаймын", - деді АҚШ басшысы.

АҚШ президенті саммит барысында негізгі орында адам құқықтары туралы мәселе болғанын және неге оған ерекше назар аударатынын айтты.

"Бұл адам құқықтарын бұзғаны үшін Ресейге шабуыл жасау емес. Америка Құрама Штаттарының президенті бола тұра, бір жерде адам құқықтары бұзылғанын білсем оны қалай айтпай отырамын? Бұл Ресейге де, басқа елдерге де қатысты", - деді Байден.

"Сондықтан Алексей Навальныймен болған жағдай бізді алаңдатады. Мен Путинге адам құқықтары туралы мәселені көтеретінімізді айттым. Өйткені дүниетанымымыздың мәні сода... әрқашан осы бағытта адалдығымызды жетілдіре береміз", - деді ол.

Навальный өлетін болса, соңы қандай салдарға әкелуі мүмкін деген сұраққа жауап бере отырып, АҚШ президенті оның "Ресей үшін де, оның экономикасы үшін де жойқын салдары болатынын" айтты. Өйткені әлемдік қауымдастық халықаралық нормаларды құрметтемейтін мемлекетке сенуден қалады.

Беларусь тақырыбына тоқталғанда Байден Путинмен әңгіме барысында елдегі жағдайға алаңдаушылық білдіретінін айтқан.

Сонымен қатар, Байден Кремльдің оппозицияға қарсы шараларын АҚШ құқық қорғау органдарының 2021 жылы 6 қаңтарда Вашингтон Капитолийіне шабуыл жасағаннан кейінгі күш-жігерімен салыстыруға болады деген сөздері туралы айтты.

"Бұл екі нәрсені салыстыру - ақымақтық. Капитолийді бұзып, полиция қызметкерін өлтірген адамдар шынымен де қылмыскерлер", - деді Ақ үй басшысы.

Саммитті қорытындылай келе, Байден Ресей басшысының әрекеттері Мәскеудің әлемдік аренадағы позициясын "әлсірететінін" айтты.

"Егер оның әрекетіне біз аралассақ, не болар еді? Бұл ірі әлемдік держава мәртебесін сақтап қалуға тырысқан елдің позициясын әлсіретеді", - деді Байден.

Журналистердің Путинге сене ме, жоқ па деген сұрағына, президент мәселе сенімде емес, пайдада екенін айтты.

Владимир Путин мен Джо Байден арасындағы келіссөз 16 маусымда Женевада өтті. Көшбасшылар үш жарым сағат бойы әртүрлі мәселені талқылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети