27 желтоқсан 2019 15:08

Путин мен Жээнбеков Алматы маңындағы әуе апатына байланысты көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей президенті Владимир Путин Алматы маңында болған әуе апатына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Kremlin.ru


Ресей президенті Владимир Путин Алматы маңында болған әуе апатына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Kremlin.ru

Владимир Путин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Bek Air әуекомпаниясы ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Ресей жақындары мен туыстарынан айырылғандарға көңіл айтады, зардап шеккендердің тезірек жазылып кетуіне сенім білдіреді", - делінген Ресей президентінің жеделхатында.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков те қайғылы оқиғаға көңіл білдіреді.

"Қырғыз Республикасының және өз атымнан қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын, қайғыға ортақпыз. Зардап шеккендердің тез жазылып кетуіне тілектеспіз", - деді Жээнбеков.

РИА Новости мәліметінше, Қытай да  қайғылы жағдайға көңіл айтады.

Бүгін сағат 07:22-де Bek Air әуе компаниясының № Z2100 Алматы - Нұр-Сұлтан бағытындағы рейсі ұшу кезінде биіктікті жоғалтып, бетон қоршауға соғылған болатын. Нәтижесінде екі қабатты ғимаратпен соқтығысқан. Бірден құтқару жұмыстары басталды, өрт шыққан жоқ. 

Қаза тапқандардың саны - 15. Премьер-министрдің тапсырмасымен Үкімет комиссиясы құрылды, оны вице-премьер басқарады. Комиссия құрамына индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі және басқа мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді. Комиссия оқиға орнына барады. Оқиғаның нақты мән-жайы мен себептері анықталады. Апат жағдайлары анықталғанға дейін осы типтегі әуе рейстері уақытша тоқтатылды. 

Bek Air әуекомпаниясы мәлімдеме жасады

Еске салайық, бүгін таңда Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы биіктік жоғалтып, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 93 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әуе апаты салдарынан 7 адам қаза тапқанын мәлімдеген. Кейін желіде құлаған ұшақтың суреттері тарала бастады. Артынша Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті ұшағы құлағаннан кейін шұғыл желі ашылғанын хабарлаған.  Тоқаев әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтқан болатын. 

Әуе апатынан зардап шеккендердің тізімі жарияланды

ИИДМ мәліметінше, ұшақ көтерілу кезінде биіктік жоғалтып, бетон қоршауға соқтығысқан. Екі қабатты ғимаратқа соқтығысқан. Дереу құтқару шаралары басталып, өрттің алдын алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети