28 қазан 2016 21:32

Путин ресейлік күріштің Өзбекстанға экспортталатынына таңданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ntv.ru © ntv.ru

Ресей Президенті Владимир Путин Сочидегі кездесуде Краснодар өлкесінің аграрилерін Күріш күнімен құттықтады, деп хабарлайды РИА Новости.


Ресей Президенті Владимир Путин Сочидегі кездесуде Краснодар өлкесінің аграрилерін Күріш күнімен құттықтады, деп хабарлайды РИА Новости.

"Мен қазір Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесемін. Оған айтайын, күріш керек болса, біз жеткізуге дайын екенімізді", - дейді Путин.

Кездесуге қатысушылардың бірі күріш бағасының тұрақсыздығына байланысты экспорттық әлеуетті арттыру ниетінде екендігін айтты. Ресей басшысының күріш негізінен қай елдерге экспортталады деген сұрағына, ол Сирия, Түркия және Өзбекстанға деп жауап қайтарды.

"Өзбекстанға? Біздің күріштен палау жасауға болады ма?", - деп сұрады Путин. Бұл сұраққа өндірушілер ресейлік күріштен бәрін жасауға болады деп сендірді.

27 қазанда Краснодар өлкесінің губернаторы Вениамин Кондратьев өзінің Twitter парақшасында аймақта биыл күріш өнімі рекорддық деңгейге жеткенін жазған.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети