25 сәуір 2022 | 12:46

Путиннің Украинаға байланысты жоспары қандай? Елдегі жағдайға шолу

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: РИА Новости Фото: РИА Новости

Украина мен Ресей арасындағы жағдай әлі саябырсымай тұр. Tengrinews.kz тілшісі кейінгі уақытта Украинадағы жағдайға шолу жасады.


Иконка комментария блок соц сети

Украина мен Ресей арасындағы жағдай әлі саябырсымай тұр. Tengrinews.kz тілшісі кейінгі уақытта Украинадағы жағдайға шолу жасады.

Ресеймен арада бейбіт келісім болуы мүмкін бе?

Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен арадағы келісім Украинаның қауіпсіздік кепілдігі және Киев пен Мәскеу арасындағы қарым-қатынас туралы екі құжаттан тұруы мүмкін екенін айтты. Зеленскийдің айтуынша, Ресей тарапы барлығын қамтитын бір құжатта болғанын қалайды. Сонымен қатар, Зеленский  Мариупольдегі Украина әскері жойылған жағдайда Мәскеумен келіссөз жүргізбейтінін айтқан еді.

Украинадан кеткен шенеуніктер елге орала ма?

Украина үкіметі шенеуніктерді 25 сәуірге дейін елге оралуға міндеттеді. Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль жаңа қаулыға қол қойған болатын. Соған сай мемлекеттік қызмет басшыларына соғыс жағдайы кезінде Украина аумағында қашықтан жұмыс істеу құқығы берілді. Қаулыда шетелде жұмыс істеуге тек іссапарда болған жағдайда ғана рұқсат етілетіні айтылған. Ал мемлекеттік қызмет туралы заңға сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге ескерту, сөгіс, қызметтік талаптарды толық орындамағаны үшін ескерту, лауазымын төмендету және мемлекеттік қызметтен босату сияқты тәртіптік жаза түрлерінің бірі қолданылатыны белгілі.

Еурокомиссия басшысы не дейді?

Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Bild am Sonntag газетіне берген сұхбатында Еуроодақ елдерін Украинаға қаруды тез жеткізуге шақырды.

"ЕО-қа мүше елдер Украинаға тез арада қару жеткізуі керек. Украина сол кезде ғана Ресейдің күрделі қорғаныстық күресіне төтеп бере алады", - деді Урсула фон дер Ляйен Bild am Sonntag газетіне берген сұхбатында.

Ел ішіндегі ахуал қандай?

Мариупольдегі "Азовсталь" зауыты аумағы түсірілген видео жарияланған болатын. Дронмен түсірілген кадрларда зауыт аумағынан шығып жатқан қою қара түтін және шағын өрт ошақтары көрінеді. Дрон зауыт ғимараттары, Азов теңізіне апаратын каналдардағы кемелерді түсіруге арналған крандар, "Азовсталь" маңындағы тұрғын үйлер үстінен ұшып өткен. Ресей тарапы 17 сәуірде Мариупольдегі "Азовсталь" зауыты аумағында орналасқан Украина күштері қаруды тастаудан бас тартқанын хабарлады. Ал Украина президенті Владимир Зеленский "біздің жігіттерді жою Ресеймен барлық келіссөзге нүкте қояды" деп ескерткен болатын.

Зеленский Ресеймен келіссөздерден қандай жағдайда бас тартатынын айтты 

Украина президенті Владимир Зеленский Киев метросы "Майдан Незалежности" бекетінде өткен баспасөз мәслихатында Ресеймен келіссөздерден бас тартатын шарттарды атады. Оның айтуынша, оған "кез келген оккупацияланған территорияларда" референдум өткізілсе, қол жеткізуге болады. Зеленский "басынан бастап" Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуді талап еткенін, өйткені басқа біреу арқылы ақпарат беру "айтарлықтай нәтиже бермейтінін" айтты.

Фото: president.gov.ua 

Ресей Одессаға зымыран соққысын жасады: Зеленский Кремльге жауап берді

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей тарапы келтірген Одессадағы зымыран әуе шабуылдарынан кейін Кремльге жауап берді.

"Бүгін Ресей Украина, Одессаға тағы бір зымыран соққысын жасады. Кем дегенде сегіз адам қаза тапты, 18-і жарақат алды. Қаза тапқандардың ішінде үш айлық қыз бар. Оның Ресейге қандай қаупі бар еді? Балаларды өлтіру - Ресей Федерациясының жаңа ұлттық идеясына айналған болуы керек. Қыздың анасы мен әжесі де қаза болды", - деді Зеленский Telegram-арнасында жарияланған видеода.   

Ресейдің Қорғаныс министрлігі зымыран соққысы Одесса маңындағы әскери аэродромдағы логистикалық терминалға жасалғанын мәлімдеді, онда АҚШ пен ЕО қару-жарағының үлкен партиясы сақталған. 

Путиннің ендігі жоспары қандай?

Ресей президенті Владимир Путин Украинаның көп аймағын басып алмақ, себебі ол соғысты басқа қалай тоқтату керегін білмейді. Бұл туралы Financial Times басылымына Путиннің айналасындағы жақын адамдар деп саналатын Кремльдегі үш дереккөз айтқан. Дереккөздердің мәліметінше, наурызда Путин расында ресейлік әскердің жолы болмағаннан кейін Украинамен келісімге келу туралы ойлаған. Бірақ қазір жағдай өзгерген. 

Қара теңіздегі "Мәскеу" крейсері апатынан кейін дереккөздердің мәліметінше, Ресей президенті ашуланып, жазбаша келісімге келу туралы идеясынан бас тартқан. Тағы бір дереккөз журналистерге ресейлік телеарнада айтылып жатқан нәрсе рас екенін, Путин "ұлы жеңіске" жетпек екенін айтты. FT дереккөзі генералдар Путин не естігісі келсе соны жеткізетінін, сондай-ақ оның айналасындағылар ресейлік телеарналарда көрсетілетін насихаттау әрекеттерін көрсетіп жүргенін айтады. 

Путин жақын адамдарымен әңгімелескенінде ресейлік әскер Мариупольдегі бейбіт халыққа, оның ішінде, "Азовсталь" зауытындағы адамдарға оқ атылмағанын айтыпты-мыс. Ресей президенті Зеленскиймен кездесуден қашатынын, "әзірге кездесу уақыты келмегенін" айтады. Кремль дереккөздері алдымен Путин кездесу үшін ресейлік әскер Украинаның біраз аймағын басып алуы керегін айтқан.  

Кейбір ресейлік шенеуніктер Путин Украинада ядролық қару қолдануы мүмкін деп алаңдап отыр.  

Қай ел Украинаға көмек көрсетуде көш бастап тұр?

Қақтығыс басталғаннан бері АҚШ Украинаның ең ірі одақтасына айналды. Ukraine Support Tracker мәліметінше, Киль әлемдік экономика институтының зерттеушілері құрастырған Украинаны мемлекеттік қолдау дерекқорында 24 ақпан мен 27 наурыз аралығында АҚШ Украинаға 7,6 миллиард еуро көлемінде көмек берген. Осылайша, Вашингтон Киевтің ең үлкен одақтасы болып отыр. АҚШ-тың әскери көмегі гуманитарлық көмектен 1,2 миллиард еуроға асып түседі.

Украинаға көмек көрсету бойынша екінші орында Польша (1 миллиард еуро), үшінші орында Ұлыбритания (0,7 миллиард еуро) тұр.

Алғашқы бестікті Германия (0,5 миллиард еуро) мен Франция (0,4 миллиард еуро) қорытындылайды.

Еуропа Одағы елдерінің жалпы үлесі - 2,9 миллиард еуро, оған қоса ЕО институттарынан 1,4 миллиард еуро және Еуропа инвестициялық банкінен 2 миллиард еуро бөлінген. Ал Ұлыбритания, Канада және Жапония жалпы сомасы 1 миллиард еуро көлемінде көмек көрсетуге уәде берген.

БҰҰ бас хатшысы 3 күннен кейін Украинаға барады

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш 28 сәуірде Украинаға барады, онда сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебамен кездеседі, сонымен қатар президент Владимир Зеленскийдің қабылдауында болады. Гутерриш Украина халқына гуманитарлық көмекті кеңейтуді талқылау үшін БҰҰ агенттіктерінің қызметкерлерімен де кездесуді жоспарлап отыр. 

Бұған дейін 26 сәуірде Гутерриш Мәскеуге Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен келіссөздер жүргізу үшін баратыны белгілі болған еді. Ол Ресей президенті Владимир Путинмен де кездеседі.

© РИА Новости

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети