24 сәуір 2022 22:14

Ресей Одессаға зымыран соққысын жасады: Зеленский Кремльге жауап берді

© Reuters © Reuters

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей тарапы келтірген Одессадағы зымыран әуе шабуылдарынан кейін Кремльге жауап берді. Бұл туралы Euronews телеарнасының сюжетінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Украина президенті Владимир Зеленский Ресей тарапы келтірген Одессадағы зымыран әуе шабуылдарынан кейін Кремльге жауап берді. Бұл туралы Euronews телеарнасының сюжетінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін Ресей Украина, Одессаға тағы бір зымыран соққысын жасады. Кем дегенде сегіз адам қаза тапты, 18-і жарақат алды. Қаза тапқандардың ішінде үш айлық қыз бар. Оның Ресейге қандай қаупі бар еді? Балаларды өлтіру - Ресей Федерациясының жаңа ұлттық идеясына айналған болуы керек. Қыздың анасы мен әжесі де қаза болды", - деді Зеленский Telegram-арнасында жарияланған видеода.   

Президенттің сөзінше, соққы Ресей стратегиялық авиациясы Каспий теңізі аймағынан берілген. Одесса билігінің мәліметінше, қалаға бағытталған екі зымыран әскери нысанға, екеуі тұрғын үйлерге түскен. 

Ал Ресейдің Қорғаныс министрлігі зымыран соққысы Одесса маңындағы әскери аэродромдағы логистикалық терминалға соққы жасалғанын мәлімдеді, онда АҚШ пен ЕО-дан қару-жарақтың үлкен партиясы сақталған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети