07 қазан 2016 10:08

Рамзан Қадыров Емельяненкоға: Федор, сіздікі қате! Орыс батырлары бұлай істемейді!

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абузайд Висмурадов және Рамзан Қадыров Instagram парақшасынан алынды Абузайд Висмурадов және Рамзан Қадыров Instagram парақшасынан алынды

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Ресейдің ММА одағының президенті Федор Емельяненконың Грозныйда балалар арасында өткен жекпе-жекке қатысты айтқанын сынға алды.


Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Ресейдің ММА одағының президенті Федор Емельяненконың Грозныйда балалар арасында өткен жекпе-жекке қатысты айтқанын сынға алды.

"Мен Федор Емльяненконың Grand Prix Akhmat-2016 турнирі барысында балалардың жекпе-жегі туралы айтқанын турнир мен оның маңызы жайында бірер ауыз жылы сөзбен бастаған болса түсіністікпен қабылдар едім. Орыстың батыры және патриоты ретінде Шешенстанды мерекесімен құттықтап, ММА-ның алғашқы белбеуін ойнату фактін атап өтіп, бір рет болсын Шешенстанға келіп, біздің турнирлерді қалай өткізіп, спортты қалай дамытып жатқанымызды көрген болса. Ал былай оның сөзі біраз сұрақтар туындатты", - деп жазыпты Қадыров Instagram желісіндегі парақшасында.

"Федор көтерген шу да қызық көрінеді, өйткені әрбір адам өзінен және өз отбасынан бастау керек. Бұл жақындарына да қатысты. Ал бөтен балалардың суретін орналастырып, оның астына мін жазу - этика мен өнегеге жатпайды. Біз бала кезден Ресейдің патриоттары мен қорғаушыларын тәрбеиелейміз. Федор, сіздікі қате! Орыс батырлары бұлай істемейді!" - деп аяқтады Шешенстан басшысы.

Еске салайық, 4 қазанда Грозныйда Grand-Prix Akhmat 2016 турнирі аясында аралас жекпе-жектен турнир өтті. Ересек спортшылардан бөлек онда Қадыровтың үш ұлы (он, тоғыз және сегіз жастағы) қатысты. Олардың барлығы жеңіске жетті, оның үстіне үлкен ұлы кездесудің 14 секундында нокаутпен жеңді. Кейінірек Емельяненко балалар қатысқан жекпе-жектерді сынға алып, 12 жасқа дейінгі балаларға ММА ережелері бойынша жекпе-жекке мүлде шығуға болматындығы айтқан. Осыдан кейін турнирді ұйымдастырушылар Емельяненкоға жауап берген еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети