12 қазан 2016 11:42

Ресей алдағы жылдары Microsoft компаниясынан бас тартуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Русская Сила © Русская Сила

2018 жылдан бастап Ресейдің мемлекеттік органдары отандық өнімді қолдау мақсатында шетелдің компьютерлік бағдарламаларын қолданудан бас тартады, - деп хабарлайды 24 Хабар.


2018 жылдан бастап Ресейдің мемлекеттік органдары отандық өнімді қолдау мақсатында шетелдің компьютерлік бағдарламаларын қолданудан бас тартады, - деп хабарлайды 24 Хабар.

Телекоммуникация және ақпараттық технологиялар саласының дербестігін қамтамасыз етуге атсалысып жүрген мамандар тың жоба алдағы жарты жылда дайын болады деп мәлімдеді. Ресми органдар үшін арнайы әзірленетін бағдарлама Microsoft-қа ұқсас болмақ. Өйткені ол да Word, Excel, PowerPoint сияқты қосымшалармен қамтамасыз етіледі. Алайда IT-мамандар жобаны қысқа мерзімде әзірлеу мүмкін емес дейді. Олардың айтуынша, бағдарлама жасауға 5-7 жыл уақыт керек. Ал, Ресей билігі шетел өнімін қолдану үшін жыл сайын 20 миллиард рубль жұмсайды екен.

"Ресейдің операциялық жүйесі іс жүзінде жоқ деп айтуға болады. Мәселен, Microsoft компаниясы Windows және Office жүйелерін жасап шығару үшін 20 жылдай уақыт жұмсады. Сондықтан 3 жылдың көлемінде сапалы дүние жасау екіталай", - ZECURION компаниясының бас директоры Алексей Раевский.

Бүгінде Ресей IT дербестікке ерекше көңіл бөлуде. Олар арнайы заң да қабылдады. Бұл шаралар мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қолға алынды.

"Елдер арасындағы қарым-қатынас ушыққан жағдайда Windows немесе антивирустық базалардың жаңаруы қиындай түсуі мүмкін. Сондықтан шетелдік өнімге сенім жоқ. Жуырда ғана АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік агенттігі Cisco жүйесіне орнатқан құйтұрқы әрекетін ресми түрде мойындап, үлкен дау тудырған болатын", - ZECURION бас директоры.

Ресейдің ресми органдарына шетелдік бағдарламаны қолдануға екі жылдан кейін түбегейлі тыйым салынбақ. Алайда көпшілік осы уақыт ішінде отандық өнімнің дайын болатынына күмән келтіруде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети