03 маусым 2022 07:50

Ресей Ердоғанның Сириядағы әскери операциясына қатысты пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Сирияның солтүстігінде жаңа әскери операцияның басталуы туралы мәлімдемесіне пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Сирияның солтүстігінде жаңа әскери операцияның басталуы туралы мәлімдемесіне пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мұндай күштік операция туралы хабарламалар дабылмен қабылданды. Сирия Араб Республикасының заңды үкіметінің келісімінсіз жасалған мұндай қадам, елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын тікелей бұзу және осы елдегі шиеленістің қосымша ушығуына себеп болады. Анкара Сириядағы жағдайдың ушығуын болдырмайды деп үміттенеміз", - деді Захарова. Оның сөздері Ресей Сыртқы істер министрлігінің сайтында орналастырылған.

"Түркияның ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерге байланысты алаңдаушылығына түсіністікпен қараймыз. Осыған байланысты Сирия-Түркия шекарасындағы қауіпсіздікті әскери қызметшілер орналастыру арқылы қамтамасыз етуге болады деп ойлаймыз. Бұл Анкараның Сирияның егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеу туралы бірнеше рет ресми айтылған мәлімдемелерінің практикалық көрінісі болар еді", - делінген РФ СІМ ресми өкілінің хабарламасында.

Еске салайық, осыған дейін Ердоған Түркия Сирияның солтүстігіндегі Таль-Рифаат және Манбидж елді мекендерін террористерден тазарту үшін жаңа әскери операция бастайтынын мәлімдеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети