10 тамыз 2016 20:34

Ресей қауіпсіздік қызметі "украиналық диверсанттардың Қырымда жасамақ болған терактілерінің алдын алғанын" хабарлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ipress © ipress

Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары РФ Федералдық қауіпсіздік қызметінің Қырымда Украинаның Қорғаныс министрлігі дайындады делінген террористік актілерінің жолын кескенін ресейлің ведомствоға сілтеме жасай отырып, хабарлап жатыр. Бұл хабарларға қарағанда, жоспарланған шабуылдардың нысаны Қырымның инфрақұрылымы мен халқының тіршілік қамтамасыздық нысандары болған. "Лаңкестерді" ұстау кезінде ФҚҚ-нің бір қызметкерінің қаза болғаны хабарланып отыр. Тағы бір ресейлік әскери Украина тарапынан атылған оқтан зардап шекті делінеді.

"Диверсияның және террористік шабуылдардың мақсаты - федерал және өңірлік билік органдарында сайлау өткізу және оған дайындалу кезеңінде өңірдегі әлеуметтік-саяси жағдайдың тұрақсыз ету", - делінген Ресейдің ФҚҚ сайтында. 

7 тамызға қараған түні Армянск қаласының территориясында жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде диверсанттар тобының анықталғаны айтылады. "Лаңкестерді ұстау кезінде Ресей ФҚҚ қызметкері қаза тапты. Қарулы қақтығыс орнында мына заттар табылды: қолдан жасалған 20 жарылғыш құрылғы, олардың жалпы қуаты тротил эквивалентінде 40 келіден жоғары, оқ-дәрі және оның арнайы құралдары, штаттық жаяу әскерге қарсы және магнит миналары, гранаталар және Украинаның Қарулы күштерінің арнайы бөлімшелерінің арнайы қару-жарақтары", - делінген ведомствоның хабарламасында.  

Сонымен қатар, осы шаралардың нәтижесінде Украина Қорғаныс министрлігінің Басты барлау басқармасының агентуралық желісінің жолы кесілгені, Украина мен Ресейдің террористік актілерді дайындауға қолғабыс ет делінген азаматтары ұсталып, бұл қылмыстарын мойындап жатқаны хабарланып отыр. 

"Жолы кесілген терактілердің ұйымдастырушыларының бірі Панов Евгений Александрович, 1977 жылғы, Запорож облысының тұрғыны, Украина ҚМ БББ қызметкері, ол да ұсталып, мойындау көрсетпелерін беріп жатыр", - делінген хабарламада. 

Ал 8 тамызға қараған түні Украина Қорғаныс министрлігінің арнайы бөлімшелері диверсиялық-террористік топтарының анықталып, Ресей ФҚҚ күштік бөлімшелерінің олардың жолын кескені айтылады. Ресейлік әскерилерге Украинаның Қарулы күштерінің брондалған техникасы арқылы қарсы тұрған делінеді.  

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, қосымша жедел шаралар мен жедел әрекеттер жүргізіліп жатыр екен.

Ал Украинаның Қорғаныс министрлігіндегілер РФ ФҚҚ-нің хабарын жоққа шығарып отыр. Оның үстіне бұл мәліметті олар арандату деп мәлімдеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети